ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетінің ұйымдастыруымен 2015 жылғы қазан айының 29-30 жұлдызында «Қазақ хандығының 550 жылдығына» арналған шетелде тұратын отандастардың қатысуымен халықаралық өнер фестивалінің аясында жыр мүшәйрасы, термешілер сайысы және сурет көрмесі өтеді.
Байқаудың мақсаты:
- Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеудің мәні мен бүгінгі таңдағы тарихи маңызын ашу;
- Жастарды ұлттық құндылықтар рухына сәйкес қазақстандық патриотизмге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
- Ел мен жердің тарихына, ұлтымыздың жүріп өткен жолына құрметпен қарау сезімін қалыптастыру;
- Өскелең ұрпақтың бойына ұлттық рухты сіңіру, тәуелсіздік тағылымдарын терең сезіну, елдік мәселелерге сергек қарау қасиеттерін арттыру;
- Қазақ халқының мәдениеті мен салтын насихаттау;
- «Мәңгілік ел» ұлттық идеясын насихаттау;
- Шетелдегі дарынды қазақ жастарының бейнелеу өнері түрлерін меңгерудегі шығармашылық шеберлігін насихаттау.
Мүшәйра, терме және көрме сайыстарына қатысу шарттары:
- Қатысушылардың жас мөлшері 20-35 жас аралығында болуға тиіс;
- Мүшайра, терме және көрме сайыстарына қатысушы шығармашылық өкілдері шетелде тұратын отандастарымыздың арасынан болуға тиіс;
- Автордың мүшайраға және көрмеге жолдаған шығармасы бұрын еш жерде жарияланбаған болуы керек.
Мүшәйра талаптары:
Бірінші өлең - Қазақ хандығының тарихы, тарихи тұлғалар бейнесі, елдік мәселелер тақырыбында болуы керек (3-5 минут); - міндетті.
Екінші өлең - Шетелдегі қандастар тағдыры мен көші-қон туралы(3-5 минут) - міндетті.
Үшінші өлең – еркін тақырыптағы өлең (3-5 минут) – қажеттілігіне орай.
Терме сайысы талаптары:
1 шығарма - Елдікке шақыратын, бірлікке бастайтын елжандылық бағыттағы термелерден тақырыпқа сай бір шығарма орындау (3-5 минут);
2 шығарма – Еркін тақырыпта терме орындау (3-5 минут).
Көрме талаптары:
1 тақырып бойынша Кескіндемешығарма көлемі 100*150 см.-ден кем немесе аспауы тиіс (Материалдары: майлы бояу, гуашь, акварель, кенеп, картон, ақ қағаз).
2 тақырыпбойынша Графикалық шығарма көлемі 40*90 см. (Материалдары: офорт, линогравюра, литография, т.б.) көркемдік деңгейі талапқа сай, тақырыпқа мейлінше лайық болуы тиіс.
Әрбір автордың көркем шығармасы талапқа сай безендіріліп (багет), саны 5-7-ден аспауы керек.
Жеңімпаздарды марапаттау әр сайыс бойынша:
«Бас жүлде» - біреу -200 000 (екі жүз мың) теңге.
І орын – екеу – 150 000 (жүз елу мың) теңгеден.
ІІ орын – екеу- 120 000 (жүз жиырма мың) теңгеден.
ІІІ орын – екеу – 80 000 (сексен мың) теңгеден.
Ынталандыру сыйлығы – үшеу- 60 000 (алпыс мың) теңгеден.
Өтініштер 2015 жылдың қазан айының 20 жұлдызына дейін қабылданады:
Төлқұжатының көшірмесі;
Шығармашылық өмірбаяны;
10х15 көлемдегі 1 түрлі-түсті фотосурет;
Екі кезеңде орындайтын шығармалардың тізімі.
Мекенжайымыз:
Астана қаласы, Рысқұлбеков көш., 16/3 үй, 203 п.
Ұялы телефон: +7 747-204-88-35
Эл.пошта: festivalkaz@mail.ru