Шымкенттегі «Отырар» кітапханасы рухани жәдігерлердің орталығына айналып келеді. Кітапқұмар қауым үйіндегі құнды топтамаларды жалғыз өзі тұтынғаннан бүкіл халыққа тарту жасаудың сауапты іс екендігін біледі.
Осыдан аттай 100 жыл бұрын ұлы Абайдың жарық көрген кітабын кітапханаға Шолпан Төлегенқызы атты ұстаз тапсырған екен. Ұлы Абай – ақын ғана емес, ұлтымыздың ары мен ұяты. Ертеректе «Қазақстан мектебі» журналында жауапты жұмыс жасаған Ұлықпан Асылов деген ағамыз дүниежүзіндегі ең мықты ақылмандардың сөзін жинақтап, кітап етіп бастырып жүрер еді. «Солардың ішіне Абайды қосар алдында ұлы тұлғамызды аласартып алмаймын ба деген қорқыныш болды. Абайды қатарға қосып көрдік. Дүниежүзінің ұлыларының ішінде біздің Абайымыз біз білгеннен ірілене түсті. Сондағы қуанғанымыз-ай» деген.
Әлемнің ойшылдарымен терезесі тең кемеңгеріміздің 100 жасаған кітабы «Отырар» кітапханасында сирек қолжазбалар бөлімінде сақтаулы. Кітапхана қызметкерлері оны келешек ұрпақтың игілігі үшін электрондық нұсқасын жасаған, орыс тіліне аударған.
Бүгінгідей жаһандану өмірінде ғаламтордан көзін аудармайтындар кітапты ескіліктің сарқыншағы көруі мүмкін. Алайда, ғаламтордан шаршағандардың алды білім бұлағы – кітапқа оралып келеді. Соның бір айғағы «Отырар» кітапханасындағы кітапқұмарлардың қатары жыл өткен сайын молайып келе жатқандығы. Жастар көп. «Ғылым таппай мақтанба» дейтін ұлы Абыз өсиеті жастардың өмірлік мақсат-мұратының бастауына осылай қызмет етіп жатыр.
Бақтияр Тайжан
Дереккөз: «Егемен Қазақстан»