Forbes 2022: Әлемдегі ең бай 10 адам

Forbes 2022 жылдың ең бай адамдарының рейтингін жариялады. Пандемия және баяу нарық  миллиардерлерге соққы берді. Forbes әлемдегі ең бай адамдардың жыл сайынғы 36-шы рейтингінде олардың саны 87-ге азайғанын анықтады. Қалталылардың жалпы байлығы – 12,7 триллион долларды құрайды, бұл 2021 жылмен салыстырғанда 400 миллиард долларға аз. Байлардың күрт шығынға батуы әсіресе  Ресейде байқалды. Әдеттегідей миллиардерлер көшін биыл да АҚШ пен Қытай бастады.

• Бұл тізімге еліміздегі ең бай адамдар да енді. Олардың қатарында 5 миллиард доллар дәулеті бар Владимир Ким әлемдік рейтингте 552-ші орында және Қазақстанда бірінші орында тұр.

• Құлыбаевтар биыл әрқайсысы 1 миллиард доллардан табыс тапқан. Қазір америкалық сарапшылардың айтуынша, олардың әрқайсысында 3,8 миллиард доллар бар.Әлемде 778-ші орында.

Болат Өтемұратов 600 миллион доллар жоғалтып, 1096-орынға түсті. Қазір миллиардердің дәулеті – 2,8 миллиард доллар.

• Ресей Федерациясының азаматы және Қазақстан Республикасының тұрғыны Тимур Турлов бұл жолы 2,4 млрд доллармен әлем бойынша 1292 орында.

Вячеслав Ким 2 миллиард доллармен 1513-ші орында.

• 1,9 миллиард доллармен Грузия азаматы және Қазақстан тұрғыны Михаил Ломтадзе әлемдік рейтингте 1579-шы орында тұр.

Топ-10 дәулетті кәсіпкердің тізімі

© AP Photo / Pool/Britta Pedersen

1. Илон Маск

Байлығы: 278,4 млрд доллар

Табыс көзі: Tesla, SpaceX

Жасы: 50

Азаматтығы: АҚШ

Өткен жылы Tesla басшысы екі айдың ішінде электромобиль компаниясындағы  16 миллиард доллардан астам акциясын сатты. Сөйтіп тарихтағы ең қомақты салық төледі. Оның байлығы 11,4 млрд долларға азайған.

© fortune.com

2. Джефф Безос

Байлығы: 184,5 млрд

Табыс көзі: Amazon

Жасы: 58

Азаматтығы: АҚШ

Кейінгі төрт жылда алғаш рет Джефф Безос әлемдегі ең бай адам атанбады. Оның ақшасы бір жыл бұрынғыдан 6 миллиард долларға азайды, өйткені Amazon акциялары 3%-ға төмендеді. Шілде айында бас директор қызметінен кеткеннен кейін ол басқа жобаларға көшті, мысалы, соның бірі – коммерциялық ғарыш компаниясы Blue Origin. Ол сондай-ақ, суперяхта сатып алып, Барак Обама қоры сияқты ұйымдарға және қоршаған ортаны қорғау топтарына 1 миллиард доллардан астам қайырымдылық жұмыстарын жүргізе бастады. Ол былтырдан бері 5,3 млрд доллар жоғалтқан.

© Chesnot / Getty Images

3. Бернар Арно және оның әулеті

Байлығы: 168,3 млрд доллар

Табыс көзі: LVMH

Жасы: 73

Азаматтығы: Франция

Louis Vuitton және Dior брендтерінің иесі Арно үшін былтыр аса сәтті болды деп айту қиын.  LVMH империясының ұзақ жылғы басшысы өз қорын кеңейтуді көздеп отыр. Француз конгломераты акционерлерден бас директордың жасын 75-тен 80-ге дейін арттыруды мақұлдауды сұрады. Ол қосымша уақытты пайдаланып, бес баласының қайсысы мұрагер болатынын шешеді. Бернар да былтыр 6,7 млрд долларға шығынданған.

© miridei.com

4. Билл Гейтс

Байлығы: 133,7 млрд доллар

Табыс көзі: Microsoft

Жасы: 66

Азаматтығы: АҚШ

Microsoft негізін қалаушы белсенді кітап оқушы және кітап жазушы. Өткен жылы оның климаттың өзгеруімен қалай күресуге болатыны туралы кітабы жарық көрді, ал жаңа пандемияның алдын алу туралы кеңестер мамыр айында жарияланады. Наурызда Билл және Мелинда Гейтс қоры болашақ жаһандық індеттермен күресу үшін препараттарды әзірлейтін коалицияға қосылды. Оның байлығы 1,3 млрд долларға азайған.

© Nati Harnik/AP

5. Уоррен Баффет

Байлығы: 125,1 млрд доллар

Табыс көзі: Berkshire Hathaway

Жасы: 91

Азаматтығы: АҚШ

Berkshire Hathaway акциялары көптеген бизнес әріптестіктен кейін жаңа рекорд орнатты. Биыл мұнай бағасының өсуі жағдайында Баффет Occidental Petroleum-ның акциясын 7 миллиард долларға, наурызда 11,6 миллиард долларға Alleghany сақтандыру компаниясын сатып алды. Ол осылайша бір жылда 862 млрд доллар табыс тапқан.

© republic.ru

6. Ларри Пейдж

Байлығы: 116,8 млрд доллар

Табыс көзі: Alphabet

Жасы: 49

Азаматтығы: АҚШ

Өткен жылы Google компаниясының негізін қалаушылары Ларри Пейдж пен Сергей Брин акцияларының басым бөлігін бірге иеленіп, Alphabet бас компаниясының басқарма мүшесі құрамына кірді. Компания 2017 жылдан бері алғаш рет акцияларын сата бастады. Ол былтыр 2,2 млрд доллар жоғалтқан.

© incrussia.ru

7. Ларри Эллисон

Байлығы: 114,8 млрд доллар

Табыс көзі: Oracle

Жасы: 77

Азаматтығы: АҚШ

Oracle төрағасы және бұрынғы бас директоры былтыр 1,4 млрд доллар ақшасын жоғалтқан. Қыркүйек айында Эллисон 345 миллион долларға Lake Tahoe курортын сатып алды. Оның үлкен жылжымайтын мүлік портфолиосында 2012 жылы 300 миллион долларға сатып алған Гавайдағы Ланай аралы және Малибудағы сәнді Карбон жағажайындағы кем дегенде 10 жылжымайтын мүлік бар.

© 3dnews.ru

8. Стив Балмер

Байлығы: 91,4 миллиард доллар

Табыс көзі: Microsoft

Жасы: 66

Азаматтығы: АҚШ

Forbes қазір ҰБА "Лос-Анджелес Клипперсті" 3,3 миллиард долларға бағалады. Оны 8 жыл бұрын Балмер 2 миллиард долларға сатып алған болатын. Стив Балмер негізгі табысын бұл спорттан емес, Microsoft акцияларының 600%-ға өсуінен тапты.

© financy.24tv.ua

8. Гаутам Адани және оның әулеті

Байлығы: 113 млрд доллар

Табыс көзі: инфрақұрылым, шикізат

Жасы: 59

Азаматтығы: Үндістан

Өткен жылдан бері Аданидің байлығы шамамен 1,4 долларға өсті, өйткені оның листингілік компанияларының акциялары  қымбаттаған болатын. Adani Green Energy компаниясы 2030 жылға қарай әлемдегі ең ірі жаңартылатын энергия жеткізушісі болуы үшін 70 миллиард долларға дейін инвестициялауды жоспарлап отыр. Миллиардер университетті тастап, әкесінің мата дүкенінде жұмыс істеуден бас тартып, 1988 жылы шикізат экспорттайтын компания құрды. Бұдан бөлек оның порттар мен әуежайларға қатысты жобалары да бар.

© spletnik.ru

9. Сергей Брин

Байлығы: 112,2 млрд доллар

Табыс көзі:  Alphabet

Жасы: 48

Азаматтығы: АҚШ

Өткен жылы Google компаниясының негізін қалаушылары Ларри Пейдж пен Сергей Брин акцияларының басым бөлігін бірге иеленіп, Alphabet бас компаниясының басқарма мүшесі құрамына кірді. Компания 2017 жылдан бері алғаш рет акцияларын сата бастады. Оның байлығы бір жылда 2,1 млрд долларға азайған.

© rbc.ru

10. Мукеш Амбани

Байлығы: 90,7 миллиард доллар

Табыс көзі: әртүрлі активтер

Жасы: 64

Азаматтығы: Үндістан

Өткен жылы мұнай және газ магнаты (оның Reliance компаниясы Үндістанның Гуджарат штатындағы әлемдегі ең ірі мұнай компаниясының бірі саналады) жаңартылатын энергияға көшті. Reliance алдағы 10-15 жыл ішінде қоршаған ортаны қорғау жобаларына 80 миллиард доллар инвестициялайды, оның ішінде мұнай өңдеу зауытының жанында жаңартылатын энергия көздерінің төрт ірі нысанын салу үшін 10 миллиард долларды қосады. Қаңтарда компания Манхэттендегі Mandarin Oriental қонақ үйінің бақылау пакеті үшін 98 миллион доллар төлейтінін хабарлады. Ол былтыр 228 млн доллар ақшасын жоғалтты.