Этникалық қазақ аңшылары Баян-Өлгей аймағында жыл сайын өткізілетін «Golden Eagle festival» бүркіттер фестиваліне қатысты. Қатысушылардың мақсаты құстарының аң аулаудағы мүмкіндігін көрсету.
Моңғолияда жыл сайын ұйымдастырылатын бұл фестиваль аңшылардың дәстүрлі мәдениетімен таныстырады. Фестивальді жергілікті қазақтар қауымдастығы мен бүркітшілер қауымдастығының мүшелері ұйымдастырды. Келесі жылы 1-2 қазан күндері өткізілу жоспарланып отыр.
Моңғолияның белгілі фотографтары Батзая аталған іс-шараны суретке түсірген екен. Осы суреттердің бірсыпырасын назарларыңызға ұсынамыз.
Дереккөз: kazinform