- Негізгі бет
- Қансонар
- Батыс елдері Қазақстан...
Батыс елдері Қазақстан бүркітшілерінің шеберлігіне тамсанды
Ұлттық киімдерін киіп, оң қолдарына бүркіт қондырған қазақстандық бүркітшілер сәнімен, ерекшелігімен, сондай-ақ нағыз еркекке тән батылдығымен ғажайып әсер қалдырады, деп жазды американдық CNN телеарнасы. Бұл туралы inform.kz жазды.
Кейбіреулерінің биіктігі 1 метрге дейін жететін бүркіттер бүркітшілердің қолында отырады. Шыңғысхан басқарған заманнан бастап қазақтарда аңшылықта қыран құсын пайдалану дәстүрі қалыптасқан, деп атап өтті CNN.
Белгілі орнитолог және құстарды жаттықтырушы Павел Пфандердің сөзіне қарағанда, «аңшылықта құстарды пайдалану ерекше өнер және мұнымен негізінен Қазақстанда және көршілес Қырғызстанда айналысады». Сонымен қатар орнитолог қазіргі уақытта Қазақстанда шамамен 50 адам жабайы құстарды жаттықтырумен айналысатынын атап өтті.
Қазақтың қыранмен аң аулау дәстүріне деген қызығушылық артқандықтан, Қазақстанда Алматы қаласы маңындағы «Сұңқар» питомнигін қаржыландырады.
Н. Айдархан