Ысқырық туралы қызықты деректер

Бала біткеннің арманы – ысқыру. Ысқырық ер балалардың арасында үлкен сұранысқа ие, адамның табиғи қасиеті. Ал ысқырық әркез жақсы жағынан көрінбеген. Себебі ысқыратындар көшенің жігіттері дейтін, бұзықтар деген сынды түсінік қалыптасып кеткен. Халық арасында «ысқырма, ақша болмай қалады» дейтін де ұғым бар. Дегенмен қарапайым ысқырықтың өзі бір ерекшелік екенін айта кету керек.

Ысқырық жаңбыр жауған күні жақсы естіліп қана қоймай, алысқа жететін болған. Егеуқұйрықтар бір-біріне хабарды жаңбырлы күні су астында ысқыру арқылы беретін болған. Себебі жыртқыш аңдар оны естімейді.

Мұсылман елдерінде жалпы ысқырыққа тыйым салынған. Діни түсінік бойынша «ысқырық» шайтанның әні деп қабылданған.

Теңіз саяхатшылары да ысқыруды жаман ырымға балап, тыйым салған.

Ежелгі славяндықтарда ысқырық үлкен мәнге ие болған. Олар өлген адамды ысқыру арқылы шығарып салған. Ал шығарып салушылар ысқырықтың ырғағына билейтін болған.

Гомер аралдарында өмір сүретін халық испан тілінде және жергілікті ысқырық тілінде сөйлесетін болған. "Естімеген елде көп" деген осы болар.

Ысқыру өнері – өнердің ішіндегі көп кездесе бермейтін жанр түрі. Мәселен Штраус, Шуберттердің классикалық әуендерін орындаған кезде арнайы ысқыратын өнерпаздар болған. 

Солтүстік Каролиндегі Луисбург қаласында отыз жылдан бері ысқыру өнерінен жарыс өтіп келе жатыр. Тіпті оның халықаралық дәрежедегі атағы да бар. Ал бұл жарысқа сонау Жапон және Австралия жерінен қатысушылар келетін болған.

Әлемдегі дауысы жер жаратын ысқырықты сатып алғыңыз келе ме? Иә, ысқырықтың да құралы бар. Ол жауып тұрған жаңбырдың дыбысын, ұшып бара жатқан ұшақты, соғып тұрған желдің дауысын өшіре алады. Бір сөзбен айтқан кезде құлақ тұнып қалады.

Ал қазақ ырымында, ысқыру – мұсылман елдеріндегідей жақсылықтың белгісі емес.