- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Ұлылардың өмірлік тәжірибесі...
Ұлылардың өмірлік тәжірибесі
Өлместің тіршілігін кешу бар да, өнегелі өмір сүру бар. Білгеніңді өзіңмен бірге ала кету бар да, түйгеніңді кейінгіге мұра ету бар. Ұлылар өмірлік тәжірибеде өздері сабақ алған жайлардан хабардар етеді.
Уақытыңыз тығыз болған сайын, барлық істі тезірек тындырасыз.
Жеке тұлға ретінде өсудің ең оңай жолы – айналаңызға өзіңізден ақылы артық адамдарды шоғырландыру.
Бала берген сыйлықтан ешқашан бас тартуға болмайды.
Жаныңдағы өз балаңның тынысын сезініп оянудан асқан ештеңе жоқ.
Барлығын уақыт емес, махаббат емдейді.
Әлдекімді шаң қаптырғыңыз келсе, ол сізді сан соқтыруға жағдай жасап бересіз, өзге пайда таппайсыз.
Ақпаратты елеусіз қалдырғаннан, ол өзгеріп кетпейді.
Оны құрметтегенін, сүйгенін қалайтын ең қатты қабыршақ – жүректе.
Өзгелерден мейірімге толы жылы сөз естігіңіз келсе, алдымен өзіңіз орнымен айта біліңіз.
Әділ болуға қарағанда мейірімді болу маңыздырақ.
Өзгеге көмек көрсете алмасаңыз, тілеуін тілеңіз.
Ғашық болсаңыз, өзгеріп сала бересіз, мұны барлығы да байқайды.
Біреуге ғашық болмайынша, ешкім идеал болмайды.
Әлем бір күнде жаратылған жоқ. Сіз неге асығасыз?
Мүмкіндіктер жоғалмайды, сіз жіберіп алған мүмкіндікті әйтеуір біреу пайдаланады.
Кейде адамға қолын қысып отырып, үнсіз тыңдайтын жан ғана қажет болады.
Өмірдің ең үздік сабағы – көпті көрген кісінің аяқ астында.
Жазғы кеште әкеммен серуенге шығуым тұлға болып қалыптасу жолыма ерекше әсер етті.
Барлығы да биікте өмір сүргісі келеді. Бірақ биікке жеткеннен кейін емес, оған жетудегі жолда бақыт табатыныңызды ұмытпаңыз.
Құшағыңызда періште сәби ұйықтап жатқанда өзге әлемнің бәрін ұмытып кеткендей боласыз.
Жолыңызда кезіккен әр жан күліп амандасуыңызға тұрарлық.
Біреу: «Сен маған бақыт сыйладың» десе, осы сөз өзімді бақытты етеді. Бір-бірімізге бақыт сыйлаудан таймайық.
@. @assel_assanova