- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Түнде көшеде абай...
Түнде көшеде абай болыңыз!
Түнгі уақытта қарақшылықпен айналысып, адамдарды тонаумен қатар, ұрып-соғып, түрлі оқыс оқиғаларға соқтыратын бұзақылар жетерлік. Мұндай жағдайлар әсіресе қараңғы көшелер мен ешкім байқамайтын подъездердің маңында көптеп кездеседі.
Егер сіз түнде өзіңіз ғана келе жатсаңыз, айналаңызды бақылап жүруді ұмытпаңыз. Жан-жағыңызға қарау арқылы алдыңыздан жолыққан жанның қандай екенін бірден аңғара бастайсыз. Сезіктеніп тұрсаңыз, ұрыста тұрыс жоқ деп лап қойғаныңыз жарамайды. Өйткені қарақшылық жолмен ақша табуды көздеген бұзақылар топ-тобымен жүретіні белгілі. Ал, подъездіңіздің алдынан бейтаныс әрі қауіпті деген сеніміңіз бар адамдарды көрсеңіз, үйіңіздегі жақын біреуге "күтіп ал" деп, телефон соғуды ұмытпаңыз. Бүгін сізге сақтық шаралары туралы аз-кем кеңестер бере кетуді жөн көрдік.
1. Сіз тұрып жатқан подъезд қараңғы болмауы тиіс. Уақытында ақшасын төлеп, істен шыққан лампасын ауыстырып тұрғаныңыз дұрыс. Бұл сіздің және айналаңыздағы адамдардың қауіпсіздігі үшін екендігін ескергеніңіз жөн.
2. Егер сіз подъезіңізге жетіп, соңыңыздан біреудің келе жатқанын аңғарсаңыз, алдыңызға өткізіп жіберіп бақылауға алғаныңыз дұрыс. Егер бәрі дұрыс болса, онда келер қауіптің жоқ екендігіне сенімді боласыз.
3. Түнгі көшеде бір зат сұрап шақырған адамдарға алыстан жауап беріп, жөніңізге кете бергеніңіз дұрыс. Сізден көмек сұраған жанның өзге ойы болмаса да, өзге біреуі төбелесуге әзір екендігін білдіреді.
4. Жұдырығыңыздың арасына сіріңке қорабын салып жұмып, қарсыласыңызға соққы жасасаңыз, өзіңізден үш есе артық соққы беретінін естен шығармаңыз. Жалпы қандай зат болмасын қолыңызда тұрса, міндетті түрде күшіңізді арттырады.
5. Түнде қасыңызға бөтен адам келіп, көмектесуін өтінсе, дауысыңызды нақты шығарып, білсеңіз жол сілтеп немесе білмейтініңізді анық айтуға тырысыңыз. Сіздің нық айтқан сөзіңіз бұзақының ойына тегін адам емес екендігіңізді түсіреді.
Мұның барлығын есіңізге сақтап, спортпен шұғылдануды ұмытпаңыз. Себебі, денсаулығыңыздың жақсы болуына, бұзақылардан келер қандай қауіп болса да төтеп беруге мол септігін тигізеді.
B. ZHAQSYMBET