Аяқ астынан қандай да бір төтенше жағдай болып қалуы мүмкін. Тіпті, алдағы 1 минут уақытта не болатынын да болжай алмайсың. Сондықтан да, төтенше жағдайды айтып келмейтін «тілсіз жаудың» қатарына жатқызуға болады. Оған кез келген уақытта дайын болған дұрыс.
1926 жылы стронгмен Эрл Лидерман (Earle E Liederman) төтенше жағдай кезінде өз өміріңді сақтап қалу деңгейін анықтайтын тест ойлап тапты. Тест 5 физикалық жаттығудан тұрады. Егер бұл жаттығуларды жасай алатын болсаңыз, төтенше жағдайға белгілі бір деңгейде дайын боласыз.
Стронгмен (алып күш иелері бақ сынайтын спорт түрі, оған қатысушы) 5 физикалық жаттығуды орындауды ұсынады. Бұл қарапайым жаттығуларды сіз берілген әртүрлі жағдайға қатысты орындайсыз, сондықтан, уақыттың қатысы жоқ. Эрл Лидерманның ойы бойынша, әрбір ер адам мына жаттығуларды жасай алуы қажет:
1. 1 шақырымға немесе одан да көп қашықтыққа жүзе алу керек;
2. 200 метрге бар жылдамдықпен жүгіре алуың тиіс;
3. Белден келетін немесе одан да жоғары кез келген кедергіден секіре алуың қажет;
4. Белтемірге 15-20 рет тартыла алу қажет;
5. Қоссырықта (брусья) немесе екі орындық арасында ең аз дегенде 25 рет көтере алу қажет.
Эрл Лидерманның ерлерге арналған бұл 5 кеңесі төтенше жағдайға дайын болуға көмектеседі, салауатты өмір салтын ұстануды да меңзейді. Ал қыздарға осы жаттығуларды толықтай болмаса да, айтарлықтай деңгейде орындауды ұсынады.
Ал сіз бұл 5 жаттығуды қаншалықты деңгейде орындай аласыз?