Таудан шаңғымен, сноубордпен сырғанауды теледидардан, ғаламтордан не өз көзімізбен көріп жүрміз. Олардың жоғарыдан төменге қарай сырғанап жүрген өнеріне таңғалмау мүмкін емес. Ал сіз Алатаудан шаңғымен де емес, сноубордпен де емес, велосипедпен сырғанап түсуге қала қарайсыз?
Сіздер назарларыңызға ұсынғалы отырған видеода экстермалды тау спортына куә боласыздар. Видео кейіпкерлері, яғни, тау шабандоздары (mountain bike) Альпі тауларындағы Megavalanche деп аталатын 11 000 футтық жолдан жүріп өтеді. Тіпті, дөңгелектерге арналған қауіпсіздік шынжырларынсыз, тау жолдарына арналған арнайы дөңгелектерсіз таудан төмен қарай сырғанайды. Егер видеоға назар салып қарасаңыз, алғашқы секундтарда түсіруші велошабандоз бір серігін басып кетіп, енді бір жерінде сырғанап, құлап түседі. Дегенмен, мәреге жетінші болып жетеді. Олай болса, ештеңеден тайсалмайтын велошабандоздардың экстремалды өнерін өз көздеріңізбен тамашалаңыздар.