Көшбасшының оң шешімі мен тәжірибесінің арқасында көптеген әскери тәсілдердің пайда болғаны тарих беттерінен белгілі. Ал ең ерекше тәсілдер бастапқыда оғаш көрініп, кейіннен жоғары нәтиже көрсеткен. Ендеше сол сынды асқан көріпкелдік пен тәжірибенің нәтижесінде жүзеге асырылған әскери тәсілдерге тоқтала кетсек.
1. ІI ғасыр тарихшысы Полиэннің жазуынша, Парсы патшасы Камбиз ІІ б.з.б. 525 жылы Пелусияда мысырлықтармен болған шайқаста Египеттің қасиетті жануарларын пайдаланады. Ол өз әскерлерінің қалқандарына тырнақұтанды (Тот құдайының бейнесі) салдырып, ал әскери жорықтың алдыңғы шебіне мысықтар (Баст құдайының бейнесі) мен иттерді (Анубис құдайының бейнесі) жасақтайды. Египеттіктер үшін қасиетті жануарларды жаралау қылмыс болып саналған және өлім жазасына кесілетін болған. Сондықтан олар артқа шегінуге мәжбүр болып, соңында жеңіліс табады.
2. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде немістің бір орынды су асты кемелері Еуропаға бағытталған қару мен азық-түлік салынған кемелерді суға батырған болатын. Ұлыбритания үкіметі жаудың су асты кемелеріне қарсы балға мен сөмке қолданады. Түнде теміршілер мен артиллеристер кішкене қайықтарда жағаға шыққан неміс кемелерін тауып, балғаны сөмкеге орап ұрады. Осылай немістің 16 су асты кемесі жойылған екен.
3. Біздің заманымыздың 860 жылы Еуропаның солтүстігіндегі викингтер Рим қаласын тонауды жоспарлайды. Олар ауылға қарағанда үлкен қамалды тонау біршама күрделі екенін пайымдап, ерекше айланы ойластырады. Жоспар бойынша, викингтердің қолбасшысы өлген кейіп танытады. Ал оның атшабары қаладан өз басшысын көмуге рұқсат сұрайды. Нәтижеде Троя атына ұқсас тарихи дүрбелең орын алады.
4. Азия құрлығында маңызды рөл атқарған Орта Азия билеушісі Әмір Темір Үндістанның Дели қаласы үшін болған шайқаста өзіндік тәсілді қолданады. 1398 жылы үнді әскерімен шайқас алдында қарсыластың алдыңғы шебінде тұрған 120 әскери пілді көрген Темір әскерлері осалдық танытып, артқа шегіне бастайды. Осы сәтті Әмір Темір еш мүдірмей, азықты тасымалдауда қолданып жүрген түйелерін алға шығаруға бұйырады. Сосын ол түйенің үстіндегі заттарға от қойып, пілдерге қарсы жөнелтеді. Темір қалқандармен жабдықталған пілдер оты лаулап келе жатқан түйелерден шошып, артында тұрған үнді әскерлерін жаныштап қашады. Осылай Әмір Темір үнді қаруын өзіне бағыттай алған екен.
Сурет: zakon.ru
Оқи отырыңыз:
Жеңіске ерлікпен жеткен ескекші
Арнольд Шварценеггер: «Біз де сарбаз болғанбыз»
Рой Джонс: "Өмірден таяқ жемеуім үшін, таяқтапсың ғой сонда сен..."
Бұл қызық: Құс та болғым келмейді... (Видео)