«Рыцарь» сөзі «Ritter» сөзінен шыққан. Ең алғашқы атауы «шабандоз» болған. Жалпы рыцарьлар қауымы франктердің сегізінші ғасырда жаяу әскерден атты әскерге ауысуы кезінде пайда болған. Алғашқы кезде кез келген шаруа адамы рыцарь болған. Соның ішінде жылқысы барлар. Тек бірнеше ғасыр өткен соң барып «рыцарь» белгілі бір деңгейдегі дәрежеге айналып, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып отырған.
Тегінде жазушылар мен бард орындаушылар рыцарьларды жырларына, әндеріне қосып шырқауды әдетке айналдырған. Бірақ шын мәнінде олардың суреттеуі мен өмірдегі рыцарьлар мүлде басқаша болған.
Рыцарьлар қайда тұрған?
Әрине ең керемет, ең зәулім сарайлар мен үйлерде тұрған дей алмаймыз. Себебі орта ғасырдағы рыцарьлардың сарайы өте төмен жағдайда жабдықталған. Тіпті сырт пішімі де көруге тұрмайтын болған. Айналасын кез келген жануар мекен еткен, тіпті жан-жағы лас, қоқысқа толы еді. Ал бізге жеткен фильмдердегі әсем гүлдер, безендірілген жиһаздар атымен жоқ. Қабырғаларда аң терілері ілініп, қоңсыған иіс шығып тұратын болған. Кәдімгі үңгірден айырмашылығы жоқ.
Әдеби туындыларда рыцарьлар әлсіздерді қорғап солар үшін күрескен деп жатады. Шындығына келген кезде олар баукеспе ұрылар мен көздеріне түскен сұлуды ат артына өңгеріп кететін жандар болған. Тіпті олар бір-бір шаруашылықтарға қожалық еткен, ал халық олардан өлердей қорыққан.
Рыцарьлар тіпті ең керемет қарулармен де жүрмеген. Тек әдебиет олардың батырлық образын ғана суреттеген. Рыцарьлар мүлде қырынбайтын болған, тіпті анда-санда ғана жуынып тұрған. Олар мүлде тістерін тазаламаған. Ауыздарынан үнемі жеген сарымсақтарының иісі мүңкіп тұратын болған.
Рыцарьлардың көбі оқып-тоқымаған, сауатсыз келген. Себебі уақыттарының көбін тонаумен, соғыста, жорықта жүріп өткізген. Ал әйелдер мен қыздарға келген кезде олардың есі кеткен. Тіпті көздері көріп қалған әйелді не қызды өздеріне меншіктеп алмайынша тынбайтын.