Әлем билеушісі атанып кеткен Шыңғыс хан туралы жер бетінде қаншама ақпарат бар. Оның қатыгездігі мен ел билеуі туралы, жауларын ойсырата жеңіп, жігітін құл, қызын күң қылып, мәдениетін жермен-жексен ететін озбырлығы, теңдесіз тұлға ретіндегі болмысы жайында айтылар әңгіме мен тарихи дерек көп. Бүгінде біздің қазақ елінің тарихшылары екіге бөлініп, Шыңғыс хан "қазақ" және "қазақ емес" деген екі ойдың ортасында сабылып жүр.
Шыңғыс хан мемлекет құрар алдында шығарған заңдары:
1. Кімде-кім әйел мен балаға қылыш көтерсе – өлім.
2. Кімде-кім жолаушыға тамақ пен жатын орын бермесе – өлім.
3. Кімде кім ұрлық жасаса – өлім.
4. Кімде –кім өз ханын сатып кетсе – өлім.
5. Кімде-кім соғыс кезінде – қылышын тастап кетсе – өлім. Өлім- оның ондаған досына да бұйырады, «ондық» - «жүздікке» және жүздік – «мыңдыққа», мың қашып кетсе – бүкіл маңғолға – өлім.