Шыңғыс хан көшбасшылығының 3 құпиясы

Шыңғыс хан көшбасшылығының 3 құпиясы
Фото: www.unikaz.asia

Бүкіл әлем болып тарих жолында күрес жасап жатыр. Күрестің ең басты нысаны – Шыңғыс хан. Кім оның ұрпағы дейтін үлкен сұрақтың жауабы әлі күнге дейін өз нәтижесін бере алмай келеді. Осы жолда ұлы ханның соғыс және ел басқару стратегиясындағы көшбасшылық құпияларының үшеуін ұсынып отырмыз. 

№1 Жолдауды басқару 

Бағзы замандағы ғұрыптардан бастап, бүгінгі пиарға дейін көшбасшылықтың өте маңызды элементтерінің бірі оны көрсете білу болып келеді. Бұл тұрғыда Шыңғыс хан өзінің мұрагерлеріне үміт артты. Ол қайтыс болғаннан кейін белгісіз автор жазған «Моңғолдың құпия шежіресі» Шыңғыс ханның негізгі жолдауын, яки өсиетін хабарлайды: ол Құдайдың еркін орындаушы болды. Шежіреде оның моңғол руларының басын біріктіруге сарп еткен, 20 жылға созылған ауыр әрі азапты жолын бастардан бұрын осыған риясыз сенгені айтылады. Бәлкім, бұл рас та шығар. Қалай болғанда да, іс жүзінде солай болды ғой. Жозеф Найдың айтуынша, «өте сәтті сюжет «жұмсақ» күштің көзі болып табылады» 

№2 «Сын түзелмей, мін түзелмейтінін» түсіну 

Бір әкеден туған бауырыңды өлтіру – үлкен қылмыс. Анасы оған ұмтылмастай сабақ берді. Бәлкім, басқа бала болса, анасының ашу-ызасын басқаша қабылдап, ренжіп немесе кек ұстар ма еді. Бірақ, Шыңғыс хан ондай емес болаты. Анасының ұрысын дұрыс деп бағалады. Қабылдап қана қойған жоқ, басқаларға үлгі бола отырып, әр нәрседен сабақ алу керектігін түсіндірді. Түсіндіре отырып өзінің де мұндай жағдайларға дайын екенін көрсетті. 
Бүгінгі қоғамда эмоционалдық интеллект деп аталатын дәл осындай қасиет көшбасшы үшін маңызды рөлге ие. 

№3 Өз миссияңды тап басып таба біл 

Көшбасшылықты және көш бастау шеберлігін зерттейтін теоретиктер болашақты көре білу қажеттігі туралы көп айтады. Бірақ, жігерлендіруші миссияның қолайлы жағдаймен, дұрыс мақсат-мұратпен және сондай мұратты армандайтын, оны қоғамға жеткізуге тырысатын және жақтастарын да соған сендіре білетін адаммен үйлесімі өте сирек кездеседі. Шыңғыс ханның тайпалардың басын біріктіру жөніндегі миссиясы ең алдымен оның бақталастары үшін қауіпті болды. Бірақ, тек бірлікке шақырып қана қою жеткіліксіз еді. Ол тым аңғал адамның әрекеті болып көрінетін. Тап осы бастапқы табыстар мен оның Құдайдың қолдауына сенімі бақталастарын да бас идірді. Содан кейін миссия ұлғая берді. Моңғолдар ұлтты басқарып қана қоймай, империя құрып, әлемді де билей алады деген миссия пайда болды. 

blogtime.kz

М. Ақан