Әрбір адам өз киімі, үйіндегі тұрмыстық заттары сәнді болғанын қалайды. Себебі бөлменің ішінде тұрған әр жиһаз бірден көзге түседі. Өкінішке орай, ойлаған ойыңыз бен қалтаңыздың қалыңдығы сәйкес келмей, қалаған затыңызды сатып алудан бас тартуға мәжбүр болатын жағдайлар кездеседі. Сондай уақытта көңіліңіздегі бұйымды өз қолыңызбен жасауға болатынын естен шығармаңыз. Мына видеодан кішкентай шкафты (тумбочка) қалай сәндеуге болатынын көріңіз. Егер үйіңізде осындай бағана болса, тіпті керемет. Айна әрқашан сәннен шыққан емес. Сондықтан бағананың сыртына айна жапсырсаңыз қатып кетеді. Сұр краска мен арнайы желім қажет. "Жүз рет естігенше, бір рет көр" дегендей, мұның барлығы қалай жасалатынын ретімен қараңыз.