- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Шаңғышылар таудың шаңын...
Шаңғышылар таудың шаңын шығарды (видео)
Калифорния штаты режиссерлерінің құрғақшылық пен жаһандық жылынудың қаупі жайында түсірген тамаша бейнеролигі әлем назарын өзіне бұрып, көпшілік көңіліне ой салды.
Happy United Picture Club компаниясы жасаған бұл бейнероликте шаңғышы мен сноубордист қарсыз таудың шаңын шығара зырғанайды. Қара тастың қардай мамық болмасы белгілi, нәтижесінде, олар қышырлаған майда қиыршық тастарға етпеттерінен құлайды. Бір қарағанда, қызық үшін түсірілген қарапайым бейнероликтерден айырмашылығы жоқ деп түсінуіңіз мүмкін, бірақ, ойлана зер салсаңыз, роликтің берер мәні зор, мағынасы терең. Иә, замануи эффектілермен әрленген бұл видео жаhандық жылынудың ауылы жақын екенін және бүгіннен бастап бірігіп, жұмыла қарсы күреспесе, ертең кеш болатынын баяндайды. Кешіктіріп алса, ақ қарда асыр салудың орнына дәл осылай қысы-жазы қара таспен дос болатындарын ескертеді.
Сөз соңында, басқа төнген қауiп тек бұл ғана емес екенін және аймақтағы судың 30%-ын осы қардың құрайтынын баса айтқан. Шынымен де, Калифорния штаты 2015 жылы құрғақшылықтың бұрын-соңды болмаған рекордтық көрсеткішiне ие болған. Осы аймақтағы су ресурстары департаментінің мәліметіне сүйенсек, жылдағыдай қар қалыңдығын өлшеуге барған мамандар, бұл жолы қар қылауын да таба алмаған.
Ал сіз ғаламдық жылыну процесіне қандай факторлар негізгі себеп болып отыр деп ойлайсыз?
Ұқсас жазбалар:
Е. Жұмабайұлы