- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Сендіре аласыз ба?...
Сендіре аласыз ба?
Адам мен адамның арасындағы ең басты құнды дүние – сенім. Сенім болмаған жағдайда адамдар қарым-қатынасы қашықтық теоремасында ғана жүзеге асады. Ал сендіре білу тіпті қиын. Сендіру – аса маңызды сапалардың бірі. Оны игеру арқылы сіз кез-келген жағдайда өз пайдаңызды тауып, жоспарлаған мақсаттарыңызға қол жеткізе аласыз. Жұмыста, үйде және өміріңіздің басқа да арналарында кез келген адамға ықпал ете аласыз.
Бейнелеу. Біреуді бейнелеу сол адамға еліктеуді білдіреді. Әр адамның өзіндік ерекше ым-ишаралары, қимыл-қозғалыстары бар. Біз оларды өзіміз де байқамай, бейсаналық деңгейде орындаймыз. Егер сұхбаттасушыңызды бір нәрсеге сендіргіңіз келсе, оның қимыл әрекеттерін қайталаңыз. Есіңізде болсын, оны абайлап жасауыңыз керек, түпнұсқа қимыл мен көшірменің арасындағы айырмашылық 2-40 секунд болуы тиіс.
Берілуі. Бұл техника саясатта танымал. Мысалы, мұрагерлікке салық салу жағдайында. Осы тәріздес салықтарға қарсы саяси қайраткерлер оларды өлімге салық салу деп атайды. «Мұра» сөзінің орнына «өлім» сөзін қолдану жағымсыз ассоциялардың тууына бағытталған. Эмоцияға қаныққан сөздерді қолдану арқылы адамдарды өз көзқарасының дұрыстығына сендіре аласыз.
Шектеу. Бұл техниканы жарнама берушілер жиі қолданады. Бір нәрсеге қол жеткізу қиын болса, ол соғұрлым жоғары қызығушылық туғызады. Сендірудің осы тәсілін анықтауды үйренуіңіз керек. Өнімнің қат болуының сізге ықпалы қаншалықты екенін ойлаңыз. Егер өнім қат болса, оған сұраныс та жоғары болады. Сіздің жағдайыңыз солай ма?
Өзара байланыс. Сыйға – сый, сыраға бал. Біреу сізге жақсылық жасаса, оған өзіңізді қарыздар сезінесіз. Ол сияқты егер сізге біреудің қызметі қажет болса, ол адамға бір жақсылық жасаңыз. Жұмыста біреуге жетекшілікті беріңіз. Үйде көршіңізге шөп шалғыны бере тұрыңыз.
Уақытты дұрыс таңдау. Адамдар қатты әлсіреп, шаршағанда бір нәрсеге келісе салуы оңайырақ. Егер сіз бір сұраққа қысқа уақыттың ішінде жауап алғыңыз келсе, оны қоятын оңтайлы сәтті күтіңіз. Мысалы, ойлануға еш күш болмайтын, жұмыстың аяқ кезінде қоймаңыз. Не сұрасаңыз да, «Мұны ертең талқылайық» деген жауап алуыңыз мүмкін.
Сәйкестік. Бұл техниканы коммивояжерлер қолданады. Бейсаналық тұрғыдан бәріміз де алдыңғы айтқан әрекеттерімізге сәйкес келуге тырысамыз. Сатушы келіссөзге отырмас бұрын, сіздің қолыңызды қысады. Көптеген елдерде қол алысу келісімге отыруды білдіреді. Осылайша, ең басында санаңыздың түбіне ықпал етіп, сатушы сізді сатып алуға көндіруі әбден мүмкін. Сендірудің жақсы әдісі – шешім қабылдағанға дейін адамдардың әрекет етулеріне мәжбүрлеу. Мысалы, сіз кино көргіңіз келеді, ал досыңыз сенімді емес. Ол әзірге шешім қабылдағанша, сіз ептеп кинотеатрға қарай жүре беріңіз.
Сенімді сөйлеу. Көптеген адамдар өз сөздерінде «ммм», «жаңағы», «ііі» тәрізді одағай сөздерді және т.б. алуан түрлі паразит сөздерді жиі қолданады. Ол адамның өзіне сенімсіздігін білдіреді және бұлайша басқаларды бір нәрсеге нандыру қиын. Егер сіздің сөзіңіз нақты және сенімді болса, айналадағы адамдарды айтып тұрғаныңызға оңай сендіре аласыз.
Топтық инстинкт. Барлық адамдар бір-бірінің соңынан жүруге үйренген. Маңызды шешім қабылдағанда, біз кеңес пен көмек сұрап басқаларға жүгінеміз. Біз қолдауға мұқтажбыз. Мұны өз қызығушылығыңызға қолданудың қарапайым әрі тиімді тәсілі көшбасшы болып, қалған топты соңыңнан ерту.
Достық пен билік. Өзіңіз жақсы көретін адамның немесе билігі бар адамның сізді көндіруіне жол беруіңіз әбден мүмкін. Өзіңіз анағұрлым жоғары сенімділік тудыра алуыңыз үшін, басқаларды сізді жақсы көруге мәжбүр етуіңіз немесе сол топтың басшылығын қолыңызға алуыңыз керек.
Ә. Жутаева