- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Іс-қимыл құпиясы...
Іс-қимыл құпиясы
Адамдар тілмен айтып жеткізе алмайтын құбылыс өте көп. Ал ондай жағдайда бет жүзімізді құбылтып, ым-ишара тілін қолдана білген жөн. Адамның іс-қимылында да талай құпия жатады. «Ымға түсінбеген – дымға түсінбейді» деген жаман атқа қалмай, қандай белгі не деген мағына білдіретінін де біле жүрген жөн.
Көз жыпылықтату – қорқу
Қолды басқа апарып, қозғалмай қатып қалу – таңдану
Аяқты тоғыстыру – тұйықтық, әйел адамдарда – жайлылық
Ерінді тістеу – қорқу, айтқысы келмеу
Терең тыныс алу, күрсіну – шаршау не қорқу
Қолды қалтаға салу – өзін сенімді көрсеткісі келу, «мені таңдандыра алмайсың» деегн кейіп таныту
Көзді уқалау – шаршау
Ерінді жалау – қорқу, өзіне назар аудартқысы келу
Кейін шегіну – келіспеу, абыржу
Алға жылжу – қызығушылық
Бір ерінмен жымию – жасандылық не көнгіштік
Бет әлпетін түгел қозғап жымию – ақкөңіл, мейірбан
Күлімсіреу, миығынан күлу – тәкаппарлық
Тісін қайрау – ыза
Жерді аяқпен соққылап, тарсылдату – іші пысу
Бір-біріне қарама-қарсы отыру – бәсекелестік не қорған
Жанына отыру – сыбайластық, бірлестік
Аузын көлегейлеу, қолымен жабу – бірдеңе сұрағысы келу, айтқысы келгенін айтпай қалу
Қол алысқанда екінші қолды иыққа тигізу – жақындығын білдіру
Екінші қолын қол сыртынан тигізу – үстемдігін білідру
Қолды артқа қайырып ұстау – сенімділік, құзіреттілік
@. @assel_assanova