Роберто Канессо әуе апатынан қалай аман қалды?

Роберто Канессо әуе апатынан қалай аман қалды?
Фото: muz4in.net

"Апат айтып келмейді" дегендей, адам өзінің алыдан қандай шытырман оқиғаның күтіп тұрғанын болжай алмайды. Тек, әркез дайындықта жүруі керек. 19 жастағы Роберто Канессо Анд тауындағы әуе апатынан аман қалып қана қоймай, өзге тірі қалған жолаушыларға үйлеріне оралуына көмектескен. Жас баланың бойынан осындай өжеттілікті байқаған адамдар өз таңданыстарын жасырмаған.  Робертоның басқарушылық қабілетінен бөлек, Анд тауының алып мұздығынан аман шығуына тағы қандай таланттары әсер еткенін бүгін біз сіздерге әңгімелейтін боламыз.

1. 1972 жылы Роберто Канессо уругвайлық "Old Cristians" регби командасымен бірге Сантьяго қаласына қарай ұшады. Ұшақ 45 жолаушымен ұшып келе жатып Анд тауында апатқа ұшырап, 33 адам аман қалады. Оның 6-ы түрлі дене жарақатынан, 11-і қар көшкінінен қаза табады. Қалған 16 жолаушы Роберто Канессоның кеңестеріне құлақ түріп үйлеріне аман жетеді.

2. Апатқа ұшырамастан бұрын Канесса медицина саласында білім алған. 4270 метр биіктікте жараланғандарды емдейтін емхана ашып, көмек қолын соза білген. Аман қалған 16 адамды 9 күннен кейін өлген адамдардың етін жеуге көндірген. Болмаса аштықтан қатып қалатындарын ескерткен. 

3. 61 күн өткеннен кейін ешқандай көмектің келмейтінін түсінген Канесса және денсаулығы жақсы екі адам, тауды бағындырып көмек сұрауға аттанған. 10 Күннен кейін адамдар мекен ететін орынды тауып, қалған жараланғандарды төмен қарай түсірген. 

4. Үйіне келген Роберто, өзінің бастан өткізген оқиғаларын қағазға түсіре бастайды. "Мне пришлось выжить" (Маған өмір сүру керек болды) деген атпен тамаша еңбегі жарық көрді. Кейіннен көптеген апатты кітаптарға, фильмдерге кеңесші болып жүрді. Соның бірі 1993 ж жарық көрген "Живые" (Тірілер) фильімі.

5. Ұзақ уақыттан кейін Роберто канессо Уругвайда президент сайлауына үміткер болады. Алайда, дауыс жинау барысында жеңіліске ұшырайды. Қазір өз елінде балалар кардиологы ретінде жақсы таныс. 

B. ZHAQSYMBET