42 жастағы ең тәжірибелі америкалық скайдайвер Люк Эйкинс сенбіде 7,6 шақырым биіктен парашютсіз секіріп, жерге аман-есен қонды. Оның қауіпті трюгін Fox телеарнасы тікелей эфирден көрсетті.
Әуеден секірген Эйкинс екі минут еркін құлаудан кейін биік крандар арасына тартылған аумағы футбол алаңының үштен біріне тең торға келіп құлады.
Биіктігі 20 қабатты үйдей болатын жерге керілген арқан торға экстремал дәл түсіп аман қалды.
Дереккөз: inform.kz