- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Парашют туралы қызықты...
Парашют туралы қызықты деректер
Парашютпен секіру – ең қауіпті спорт түрі. Онымен секірген әрбір 4000-адам қаза табады.
Парашюттегі адамның ұшақтан секіргендегі жылдамдығы – 180 км/сағат.
Адам алғаш ұшқандағы қорқыныш әсерінен 2-3 килограмм салмақ жоғалтады.
Парашют ашылғанға дейінгі 60 секундта 3 километрді құлдилап өтіп үлгереді.
Жалғыз ұшуға іші пысатын адамдар жанына үй жануарын да бірге алып ұшады.
Ең батыл секіруші – австриялық Феликс Баумгартнер. Ол 38 600 метрден 1342 км/сағат жылдамдықпен түскен.
Әлемдегі ең қарт парашютші – Джордж Мойз. Ол 97 жасқа толған туған күнінде өзіне сый ретінде 3 километр биіктіктен секірді.
Парашютте ұшып келе жатып сөйлеу тіпті мүмкін емес.
Ал жапондар рекорд орнатуға әуес халық. Олар 2007 жылы «Банзай» секіру тәсілін жасаған. Алдымен ұшақтан парашютті лақтырады, одан кейін адам өзі секіреді. Жерге жеткенше парашютті қуып жетіп, киіп, ашып үлгеруі керек. Сөйтіп бұл тәсіл де ойдағыдай орындалып, рекорд орнатылды.
@. @assel_assanova