- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Өрт сөндірушілерді еске...
Өрт сөндірушілерді еске алу күні жаңа толқын ант қабылдады
Қалыптасқан дәстүр бойынша және қазақстандық патриотизмді қылыптастыру мақсатында Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаментінде жыл сайын 20 мамырда, Алматы-2 темір жол бекетінде өрт сөндіру кезінде қаза болған қызметшілерді еске алу күні өрт сөндіруші-құтқарушылардың жас толықтырушылары салтанатты түрде ант қабылдайды.
Биыл Алматы гарнизонының 150 жас қызметкері ант қабылдады. Салтанатты рәсімді Алматы қаласының ТЖД бастығы ашты. Құттықтау сөзі азаматтық қорғау қатарына кіретін жас қызметкерлерге жолданды. Бір минут үнсіздік жариялап, қаза болғандарды еске алды. Іс-шараға өртке қарсы қызмет ардагерлері, қаза болған өрт сөндірушілердің балалары мен туыстары қатысты.
1989 жылы 20 мамырда Алматыда қайғылы оқиға орын алды, «Алматы-2» бекетінің кірме жолдарында екі маневрлік тепловоз соғысқан. Газы бар 6 цистернаның біреуі соғылды, нәтижесінде өрт туындап, жалындаған от екінші цистернаны жандырып жіберді, газ қатты жарылды. Үш жүз метрге дейін көтерілген жалын жақын маңайда тұрғандардың бәрін басып қалды.
Өрт сөндірушілердің ерлігі мен жанқиярлығы арқасында, орны толмас шығынға қарамастан, қалған газы бар төрт цистернаны қауіпсіз жерге жылжытып, тағы да жарылудың алдын алды, жақын маңайда орналасқан үйлер мен құрылыстарды өрттен сақтап қалды. Көптеген қала тұрғындарының да өмірін құтқарды. Өрт сөндірушілердің жанқиярлығы, олардың төзімділігі, ерлігі мен кәсіби біліктілігі жалынды жеңіп шықты.
Бұл жеңіс бізге ауыр тиді – біздің 9 әріптесіміз кәсіби борышын адал орындап, тым көп күйік алғаны салдарынан қаза болды. Күрделі өртті сөндіру кезінде көрсеткен ерлігі, батырлығы мен жанқиярлығы үшін КСРО Жоғарғы Кеңес Президиумының Жарлығымен қайтыс болғаннан кейін – Қызыл Жұлдыз Орденімен наградталды, олар: И.Ф.Сафарғалиев, Р.С.Қасымов, С.К.Әлімтаев, И.А.Абдранов, Ф.А.Шарипов, К.Аққұлов, Е.К.Ысқақов, В.В.Никуленко, М.И.Маликов.
Олардың көрсеткен ерлігі Алматы гарнизонының барлық өрт сөндіруші-құтқарушылары үшін өз ісіне деген мәңгілік қызмет етудің үлгісі болып қалады.
Алматы қаласының
ТЖД баспасөз қызметі