- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Өмірді жеңілдететін кеңестер...
Өмірді жеңілдететін кеңестер
Кей нәрселерді үйрену үшін сан мыңдаған жылдар қажет емес. Кішігірім кеңестерді көкейге түйіп алу үшін айналасы 5-10 минут жеткілікті.
Егер көпшілік алдында сөйлегенде, жоба қорғағанда, баяндама жасағанда сөзімді ұмытып қаламын деп алаңдасаңыз, қолыңызға бір бөтелке су ұстап тұрыңыз. Айтар сөзіңіз ауызға түспей қиналғанда, судан бір ұрттағанша аптығыңыз басылып, сөз де есіңізге түседі.
Телефоныңызды қалтаңыздан шығарып, үшсекундтық видео түсіріңіз. Күн сайын осы әрекетті қайталай отырып, бір жылда айналаңызда не болғаны жөнінде 18 минуттық бейнежазба тамашалай аласыз.
Телефонда хабарламаңыз байқамай басқа абонентке жіберіліп қойса, дереу «Ұшақта» режиміне қойып үлгеріңіз. Хабарлама жіберілмей қалады, оны өшіре саласыз.
Телефоныңыз сізге бірнеше уақыттан соң аса қажет болады, ал қазір қуаты таусылып барады, не істеуге болады? Авиарежимге ауыстырыңыз, қуаты екі есе ұзақ сақталады.
Компьютерге «Википедияны» толығымен жүктеп алсаңыз, Интернет өшірулі кезде де қолдана берсеңіз болады.
YouTube сайтынан бейнежазба көріп отырғанда, 1-9 аралығындағы пернелерді басып шықсаңыз, бейне алға қарай жылжығанына куә боласыз.
Балаңызға электронды пошта ашып, оның қызықты суреттерін жіберіп отырыңыз. Өскен соң логині мен паролін өзіне айтып, қызыққа қарқ қыласыз.
Егер көлікпен келе жатқанда соңыңыздан біреу еріп келе жатыр деп күдіктенсеңіз, бір жаққа қарай төрт бұрылыс жасаңыз. Алғашқы тұрған орынға қайта келесіз, егер көлік әлі де сізге ілесіп келе жатса, күдігіңіз расқа айналғаны.
Киімдерді сөреге тігінен жинаңыз. Сонда аз орын алады және оңай табылады.
Үйден шығарда әлдебір нәрсені ұмытып кетпейін деп алаңдасаңыз, киіп шығар аяқ киіміңіздің ішіне салып қойыңыз.
Сыныпта қаламыңыз жоғалып кете беретін болса, ішіндегі көк сиясын қызыл не жасыл сиялы қаламның сыртымен ауыстырып қойыңыз. Қызыл қаламды ешкім ұрламайды.
Құлпынай сатып аларда оны иіскеп көріңіз. Жағымды иісі шықса, тәтті болғаны. Ал сырты қып-қызыл болғанымен, иісі жоқ болса, дәмі де аса жақсы емес деген сөз.
Апельсин, грейпфрут секілді жемістер сатып аларда көлемі қандай болса да, салмағына мән беріңіз. Ауыр болған сайын шырынды әрі дәмді болмақ.
Пеште пісіретін тағам әзірлейін деп жатқанда жұмыртқа алуды ұмытып кеткен болсаңыз, орнына банан қолдануға болды. Жарты банан бір жұмыртқағы тең.
Көзіңізге бір нәрсе түсіп кеткенін байқасаңыз, көз қарашығын төмен қаратыңыз, көзді үлкен етіп ашыңыз да, жыпылқтатыңыз.
Дүкенде сатушы не кеңесшіні таба алмасаңыз, қымбат тауардың жанына барып, тұра қалыңыз. Сол нәрсені сатып алғысы келді екен деп ойлайды да, кеңесші қасыңызға өзі-ақ жетіп келеді.
Әлеуметтік желілермен көп уақытыңыз босқа өте ме? Телефоныңыздағы арнайы қосымшаларды (приложение) өшіріп тастап, кеңейтілген браузер арқылы кіріңіз. Көз алдыңызда көрініп тұрмаған соң, себепсіз кіре беру жиілігін азайтасыз, ал браузер арқылы кірем дегенше, кіргіңіз келмей қалады.
Ұйқыға жатар алдында 15 минутыңызды қиып ертеңгі күнге жалпылама жоспар жасаңыз. Жазуға ерінсеңіз, тым құрығанда, ойша жасап қойыңыз. Келесі күні міндетті түрде орындауға талпыныңыз.
15 минуттық күлкі денсаулыққа 30 минут отырып-тұрғанмен тең дәрежеде әсер етеді.
@. @assel_assanova