- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Мотоциклші толқынмен жарысты...
Мотоциклші толқынмен жарысты (Видео)
Фото:
i.maxihp.com
"Көз қорқақ, қол батыр" демекші, екінің бірінің қолынан келе бермейтін экстремалды трюктарды жасау – өзіңді шыңдаумен тең. Жүрегінің түгі бар жігіттер биік жартастан секіріп, таудан велосипедпен түсіп жатса, оны "еріккеннің ермегіне" балауға болмас. Тәуекелге бел буып, ешнәрседен қаймықпайтын арландар әлемде көп.
Мына видеоның кейіпкерлері сол арландардың қатарында: Адам Сэвидж пен Джейми Хайнеман. Олар Аустралия орманының ішін мотоциклмен аралап келе жатып, сіз ойламаған трюк жасайды. Су бетінде мотоциклмен жүзіп, толқындарды артта қалдырады.
Е. Жұмабайұлы