- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Мәселенің шешімін табуға...
Мәселенің шешімін табуға Декарт шаршысы көмектеседі
Шешілмейтін түйін жоқ. Кез келген мәселенің шешімін табуға болады. Ал оны қай жолмен шешесіз, ол өз еркіңізде. Біз сізге мынадай төрт сұраққа жауап беру арқылы мәселенің оңтайлы түйінін табуға көмектесетін Декарт әдісін ұсынамыз.
1. Егер олай болса, не болады? (Сізге қандай пайдасы бар)
2. Ал егер олай болмаса не болады? (Көздеген пайдаңызға қол жеткізе алмай, барлығы бұрынғы қалпында қалады)
3. Егер олай болмаған жағдайда не болмайды? (Қалаған шартыңыздың кемшіл тұстары)
4. Егер олай болмаған жаағдайда не болмайды? (Қалағаныңызға қол жетпегенде қандай зияны тиеді)
Бұл сұрақтарға барынша мұқият жауап беріңіз. Ми сұрақты толық қабылдамай, мағынасын елеусіз қалдырса, жауаптарыңыз бірінші сұраққа ұқсап кетуі мүмкін, мұндай қателік жібермеңіз.
Декарт әдісінің пайдасы қандай? Біз әдетте мәселені шешуде не болады деген сұрақпен ғана шектелеміз. Ал бұлтәсілде жағдайда жан-жақты қарастыруға мүмкіндік бар.