"Жаман айтпай, жақсы жоқ" демекші, алдыңызда қандай жағдай күтіп тұрғанын білу оңай емес. Суға түсіп кетіп не қайық аударылып қалса, құтқару желеткесі не құтқару дөңгелегі жаныңыздан табылмаса, не істеуге болады? Бұл сауалдың жауабын мына видеодан көріңіздер.
Өзіңіз не бөгде адам суға түсіп кеткенде осы әдіспен бір "өмірді" сақтап қалуға мүмкіндік бар. Видеодан көргеніңіздегідей, шалбардың көмегімен құтқару дөңгелегін жасауға болады. Екі балағын байлап, мойныңызға ілесіз де, белін де буып тастайсыз. Буылған шалбардың ішіне ауа кіруі үшін бір қолыңызбен су бетін "ұрғылайсыз". Шалбар үріліп шығады. Құтқарушылар келгенге дейін осылай ебін табу керек.
Ең бастысы, қиын сәтте қорқып қалмай, ширақ қимылдауға тырысыңыз. Өз-өзіңізге сеніңіз.