Адам болсын, жан-жануар болсын – кез келген тіршілік иесі күш бірктірсе, алынбайтын қамал болмайды, әрі оларды да еш жау ала алмайды. Жауларға қарсы тұруда, қажеттілігін алуда, кез келген жағдайда ең мықты қару бірлік екеніне барлық тірі жанның көзі жетіп келеді. Алайда осыны біле тұра, әлі де алауыздық танытып жүргендерге жануарлар бірлігі үлгі болсын.