- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Күнге күйгенде көрсетілетін...
Күнге күйгенде көрсетілетін алғашқы көмек
Жаздың күні ыстыққа ұрынып қалудың қаупі көп. Жағажайға барып, күнге қыздырынбай-ақ, аулада жүргенде де аптап ыстықтан теріге зақым келуі мүмкін.
Күйік неден пайда болады?
Күннің ультракүлгін сәулелерінің әсерінен адамның терісі күйіп қалады. Соның әсерінен, тері қызарып, сезімталдығы артып, ауырады. Күнге күюдің әсерінен адамның басы айналып, естен танып қалуы да мүмкін.
Бірнеше күннен кейін күйген тері қабаты қабыршықтанып түсіп қалады. Мұны халық арасында терінің түлеуі деп те атайды.
Дене терісі ақ адамдар күнге жылдам күйеді. Секпілі бар адамдар да күннің ультракүлгін сәулелерін өзіне тартады.
Егер жазда күн көзіне күйсең, қыста аурулар аулақ болады деп сендіреді халық даналығы. Алайда, аса ауыр күйіктен адамның терісі ашып, ауырып, ұйықтай алмауы да мүмкін.
Күн көзінен қалай сақтануға болады?
Сыртта ауа температурасы тым жоғары екенін байқаған жағдайда сыртқа шықпаңыз;
Жағажайда күн сәулесі тікелей түсетін жерлерге отырмаңыз;
Барынша күн сәулесінен аулақ жүруге тырысыңыз;
Денені күн сәулесінен қорғайтын кремдер қолданыңыз.
Теріңіздің қызарғанын байқаған бойда күн көзінен бой тасалаңыз.
Күн ыстық кезде жабық ғимаратқа кірген абзал.