Тео Сансон есімді француздық эктремал биіктікте арқанмен жүріп өтіп, әлемдік рекорд орнатты. АҚШ-тың Юта штатындағы Кастл алқабында екі құздың арасына 500 метр ұзындықта арқан байлап, еркін жүріп өткен. Осыған дейін Мехикода Ник Валленд атты экстремал орнатқан рекордты (475 м) жаңартты.
Оның ендігі мақсаты — Гималай құздарының арасымен өту. Ол бұл жолғы рекордын "Көктегі серуен" деп атапты.