- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Кедейдің жомарттығын тағы...
Кедейдің жомарттығын тағы бір дәлелдеген әлеуметтік эксперимент (Видео)
Бұл әлеуметтік эксперимент Нью-Йорк қаласында өткен. Ауа температурасы (5°С) айтарлықтай суық болмаса да, жалаң аяқ, жыртық шалбар, жаздық шолақ жейдешемен жүрген жасөспірім балаға қаһарлы қыстың аязды күнінен кем емес еді. Десе де, қылдай пакетті көрпе қылғысы келіп, дірдек қаққан балаға 2 сағатқа дейін ешбір жан иесі бұрылып та қараған жоқ. Тіпті, экспериментті ұйымдастырушылар: "Шынымен де, шырылдаған жас балаға көмек қолын созар бір жанашыр жұмырбастың болмағаны ма?" деп үміт үзген шақта...
Олар мүлдем күтпеген оқиғаның куәгері болып, үміт оты қайта жанды. Суыққа тоңған бала "Енді ешкімнен қайыр жоқ, маған кім қайырылсын?" деп күдер үзген сәтте, қасына қарапайым бір жан келеді. Киген киіміне қарап, қаражатынан қайырымдылығы басым бір бейбақ екенін байқауға болады. Жаураған жанның жанына келіп, үстіндегі жаман күртесін шешіп беріп, қалтасының түбіндегі соңғы тиынына дейін береді. Бұл көрініске көңілі толған ұйымдастырушылар жанашыр жомарт жігітке қаржылай сыйлық беріп, алғыстарын айтты. Кедей қалай жомарт болсын десеңіз, мына бейнебаянға назар аударыңыз.
Бұл оқиға біздің елде болғанда, байғұс бала қара жерде екі сағат жатпас па еді? Кім біледі?
Сурет: bibo.kz
Е. Жұмабайұлы