- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Қауіпті (зиян) өндірісте...
Қауіпті (зиян) өндірісте жұмыс істесеңіз...
Зиянды (ерекше зиянды) ретінде аккредиттелген өндірістердегі немесе қауіпті еңбек шарттарындағы жұмыскерлер үшін заңнамада әр түрлі көтермелеулер көздeлген. Бұл зиянды өндіріс қызметкерлеріне жәрдемақылар және қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы және жұмыс уақытының ұзақтығын қысқарту. Неғұрлым толығырақ аталмыш мақаладан біле аласыз.
Жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы және қосымша демалыс
Мамандандырылуы зиянды (қауіпті) болып табылмайтын адамның денсаулығы үшін аптасына 40 сағатты құрайды, ал өмір үшін зиянды (ерекше зиянды) немесе қауіпті өндірістің жұмыскерлеріне жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтылығы анықталған, ол аптасына 36 сағаттан артық емес уақытты құрайды.
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің м.а. бұйрығымен өндірістер, цехтар, мамандықтар және лауазымдар тізімі бекітілген, сондай-ақ зиянды (ерекше зиянды) және/немесе қауіпті еңбек шарттарымен жұмыстар, ауыр жұмыстар тізбесі бекітілген, оған сәйкес осындай өндірістердің қызметкерлеріне еңбек ақының жоғарылатылған мөлшеріне, жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтылығына, қосымша төленетін жыл сайынғы еңбек демалысы құқығы ұсынылады.
Қосымша жыл сайынғы төленетін еңбек демалысы зиянды өндірісте жұмыс істеген нақты күндерге есептен ұсынылады. Егер адам зиянды өндірісте толық күнтізбелік жыл бойында жұмыс істесе, оған толық көлемдегі қосымша төленетін демалыс ұсынылады. Қосымша демалыс кезеңі зиянды өндірістер (мамандықтар) бекітілген тізімде анықталады.
Негізгі еңбек демалысы сияқты, қосымша демалысты да толық көлемде немесе бөліктер бойынша алуға болады, сондай-ақ пайдаланылмаған қосымша демалыс үшін тиісті өтемақы беріледі.
Басқа ұйымдардың қызметкерлеріне, мысалы жөндеу немесе құрылыс қызметкерлеріне зиянды еңбек шарттарымен өндірістік цехтардағы жұмыс уақыты үшін сондай-ақ қосымша еңбек демалысы және жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтылығы негізгі қызметкерлер үшін болатын шарттарда ұсынылатынын атап өткен жөн.
Жұмыс беруші ауыр жұмыстарда, еңбек жағдайлары зиянды және (немесе) қауіпті жұмыстарда істейтін жұмыскерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мерзімдік медициналық қарап-тексеруден және зерттеп-қараудан өткізуді меншікті қаражаты есебінен ұйымдастыруға міндетті.
Зиянды өндіріс қызметкерлеріне жәрдемақы
Жәрдемақының бірінші түрі, бұнда төлемдер 9,42 АЕК құрайды. Жәрдемақыны зиянды өндіріс шарттарындағы жұмыс өтілі төмендегіні құрайтын азаматтар ала алады (№1 тізімге сәйкес):
• ерлер – 53 жасқа толуы бойынша және 20 жастан аз емес жұмыс өтілі болғанда, олардың ішінде көрсетілген жұмыстардағы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс өтілі 10 жылдан кем болмауы тиіс;
• әйелдер – 48 жасқа толуы бойынша және 15 жылдан аз емес жұмыс өтілінде, оның ішінде 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі көрсетілген жұмыстардағы жұмыс өтілі 7 жыл 6 айдан кем болмауы тиіс.
Жәрдемақының екінші түрі, бұнда төлемдер 8,38 АЕК құрайды. Жәрдемақыны зиянды өндірістердегі жұмыс өтілі мыналарды құрайтын азаматтар ала алады (№2 тізімге сәйкес):
• ерлер – 58 жасқа толуы бойынша және 25 жастан аз емес жұмыс өтілінде, оның ішінде көрсетілген жұмыстардағы1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс өтілі 12 жыл 6 айдан кем болмауы тиіс;
• әйелдер – 53 жасқа толуы бойынша және 20 жылдан аз емес жұмыс өтілі болғанда, соның ішінде көрсетілген жұмыстардағы 1998 жылғы 1 қаңтарға дейінгі жұмыс өтілі 10 жылдан кем болмауы тиіс.
Алынатын еңбекақыға байланысты жәрдемақы ай сайын «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-тан төленеді.
Жәрдемақыны қалай алуға болады?
Жәрдемақыны алу үшін құжаттар пакетімен тұрғылықты жері бойынша «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ-қа жүгіну қажет.
Жәрдемақы алу үшін құжаттар пакеті
• Өтініш.
• Жеке басты куәландыратын құжат.
• Тұрғылықты мекенжайы бойынща тіркеуді растайтын құжат (мекенжай анықтамасы немесе ауыл әкімдерінің анықтамасы, Байқоңыр қаласының тұрғындары үшін Ресей Федерациясы Байқоңыр қаласының тұрғын үй шаруашылығы азаматтарды тіркеу және есепке алу бөлімінен анықтама).
• Банк шотының нөмірі туралы мәліметтер.
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ құжаттарды тапсырғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде жәрдемақыны беруді тағайындау/бас тарту туралы шешім шығарылады. Мемлекеттік арнайы жәрдемақы тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы ақпаратты электрондық үкімет порталы арқылы көмектеседі.
Мемлекеттік арнайы жәрдемақы алушы қайтыс болған жағдайда отбасы мүшелеріне немесе жерлеуді жүзеге асырған адамға 15,7 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде жерлеуге бір жолғы төлем төленеді.