Көк түрік пен бөрінің ұрпағымыз деп атадан балаға мұра етіп келеміз. Әрине бұл тарихи аңыздарға негізделіп келген шындық. Өйткені қасқырдың ортасында қалған бабамыз соның сүтін еміп, күшіктерімен ойнап күн көрген. Осыдан болар қасқырларды қазақ халқы жанына жақын тартқан. Тіпті оның қауіпті екенін біле тұра қасиет тұтады.
Қасқырлар жыртқыш аңдардың қатарына жатқанымен оның ішкі жан дүниесі мен сезіну түйсігі адамдардан да артық болып келеді. Нағыз қасқыр жайында ешқандай баламасыз фильмді түсірген қазақ халқы екені де айта кету керек. Ол – «Көксерек»
Қасқырлар – жолбарыс пен арыстаннан әлсіз... бірақ циркте өнер көрсетпейді.
Қасқырлар өз ортасынан сатқын іздемейді. Өйткен олар бір-біріне адал. Ал адамдар уақты өте келе кімнің-кім екенін танып жатады.
Қасқырлар екінші жартысын өмірде бір-ақ рет таңдайды. Екінші жартысынан айырылған қасқыр құсалықпен өледі. Олар ешқашан сатпайды.
Қасқыр деген атаудың тағы бір ұғымы «адалдық».
Иттер үрген кезде, қасқыр мойын бұрмайды.
Қасқырлардың заңы: «махаббат пен еркіндік үшін жан беруге болады».
Қасқырдың көзіне қарап оның өмірді іштей сезіну түйсігін көруге болады.
Қасқыр – адам емес, бірақ КЕЙ адамдардан жақсы...
Қорқаулардың арасында бірінші болғанша, қасқырлардың ортасында соңғы болған жақсы.
Кейде қасқырлар айға қарап ұлымайды, керісінше...