- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- GoogleDoodles қол жууды...
GoogleDoodles қол жууды еске салды
Фото:
google.kz
1847 жылы 20 наурызда вен дәрігері Игназ Семмельвейс Вен перзентханасының басты резиденті атанған екен. Оның жаһандық медицинаға енгізген жаңалығы дәрігерлер қолын дезинфекциялау керек деген тұжырымы болатын.
Себебі, ол лас қолдың вирус тасымалдайтынын білген. 173 жыл бұрын пайда болған осы қағиданың негізігін қалаған Игназ Семмельвейстің құрметіне GoogleDoodles қолданушыларына қол жууды еске салды.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының нұсқаулығымен дайындалған мына бейнеге назар аударыңыз.
Соңғы мәліметтерде 222 мыңнан астам адам COVID-19 вирусына шалдыққан, 9115 науқас көз жұмған, 84 мың науқас сауығып кеткен.
Г. Берік