- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Ғалымдар бойдақтардың артықшылығын...
Ғалымдар бойдақтардың артықшылығын айтты
Жалғыз тұратын адамдардың ерлі-зайыптыларға қарағанда көптеген артықшылығы бар екені анықталды, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі The Independent-ке сілтеме жасап.
Калифорния университетінің психологы Белла Де Пауло бойдақтардың ерлі-зайыптыларға қарағанда әлеуметтік желіде достары көп екенін және олармен белсенді түрге хабарласып тұратынын айтады.
Мамандар атап өткендей, әсіресе қартайған кезде мұндай таныстықтың жақсы көңіл-күй үшін әсері маңызды екен.
Сонымен қатар, жалғызілікті адамдар өздерінің дене бітімін физикалық тұрғыдан жақсы қадағалап, семіздікке аз шалдығатын көрінеді. Сондай-ақ, отбасылы адамдарға қарағанда бойдақтардың тұлға ретінде жеке дамуына уақыты көбірек болады.
Мамандардың айтуынша, бойдақтар көбінесе білімін шыңдап, табысты карьера жасайды.
Н. Үсенова