Ештеңеге үлгермеуіміздің себебі

Ойланып қарасақ, кей күндеріміз бостан-босқа өтіп жатқанын да аңғармаймыз. Оған бірнеше себеп бар.

Жұмыс күнін дұрыс жоспарламау.

Табысталған тапсырма орындалуын қадағаламау, нәтижесін тексермеу.

Өзін-өзі тәртіпке келтіре алмау.

Телефонмен шешуге болатын шаруалар үшін де кездесу жасау.

Мәселені шешудің оңтайлы жолдарын таба алмау.

Нақты мақсат қойылмауы.

«Созбалау» синдромы.

Телефонмен, хаттармен, әңгімемен айналысып ұзақ отыру.

Жауапкершілікті сезінбеу.

Асығыстық, шыдамсыздық.

Алдымен тындыру керек істерге басымдық бермеу.

Сапарға жиі шығу.

Пайдасыз жиналыстар.

«Жоқ» деп айта алмау.

Өзгенің жұмысын орындау.

Жеткілікті түрде еңбек етпеу.

Өмірдегі, көңілдегі, ойдағы шашыраңқылық.

Жұмысқа қызығушылық төмендеп, істі соңына жеткізе алмау.

Бір істі қайталап орындай беру.

Қиын мәселеге қатысты сұрақтарды талқылауға дайын болмау.

Құжаттар мен ақпараттарды сенімді жерде сақтамау.