Біз білмейтін бургерлер

Біз білмейтін бургерлер
Фото: http://look3.ru/

"Ас  адамның арқауы" дегендей әрбір адам дұрыс әрі тойымды тағам жеуді құптайды. Әлемнің көптеген елдеріндегі халықтар өзінің тұрғылықы жері, климаты және өмір сүру жағдайына байланысты тағамдарды талғап жейді. Америкадан бастау алған атақты бургерлерді қалыпты жағдайдан бөлек қалай дайындауға болады? 

1000 ірімшік (сыр) бөліндісімен жасалған Жапониялық бургер. Бұл тағамды "Burger king" сауда орны шығарған. Алайда, құрамында ірімшігі көп асты пайдаланушылар саны Жапонияда едәуір көп екен.

 Миннесота штатының аспаздары бір тоннадан асатын үлкен чизбургер дайындаған. Мамандардың сөзіне сүйенсек мұндай тағамды жеуге жарты қаланың тұрғыны қажет екен. 

Жасыл бургердің қалай жасалатынын емес, алдымен оның тағам ретінде пайдалылығын көп адам білмейді. Франция аспаздары ойлап тапқан бургер тауық етінен жасалады. Одан бөлек тағамның құрамына ірімшік, жасыл бояғыш, қияр, жалбыз және лайм пайдаланылады екен. Бір сөзбен айтқанда, дәмін татпай ештеңе сезіне алмайсыз. 

"Rentokill" мейманханасының аспаздарына тиесілі  бургердің құрамында  шоколад пен ұсақ жәндіктер пайдалынылған. Мұндай тағамдар біздің еліміз үшін жат болғанымен, Жапония, Қытай сынды елдер үшін әдеттегі ас болып есептеледі. 

B. ZHAQSYMBET