Бұзылмайтын тағамдар жайлы

Бұзылмайтын тағамдар жайлы
Фото: ngs24.ru

"Арпа бидай ас екен, алтын күміс тас екен" дегенді ескермей, астың бар болғанына шүкіршілігін айтып, алтын мен күмісті басты назарда ұстайтын адамдар көбейіп кетті. Жаңалығы көп жаһаннан әртүрлі хабар естіп, елең ете қаларыңыз сөзсіз. Себебі бүгінгі өмір сүріп отырған ортаңызда астық жеткілікті. Алайда, ауыз суға зәру болып, ішерге тамақ таппай жапан даланы кезіп жүрген әлемде қаншама ел бар. Осы бір алмағайып заманда біздің келесі кеңесімізді есіңізге сақтап алғаныңыз жөн болар. Ол, ең ұзақ сақталатын тағамдар жайлы болмақ. Күннің ыстығы мен суығына төзімді тағамдар адамды аштықтан құтқарады.

Күріш
Сонымен ең бірінші төзімді дақылымыз – күріш. Күзде пісетін ақ маржанды кейбір жандар ауызының дәмі татпай, жемей жатады. Бірақ, қиын-қыстау кезеңде құнары мол күрішті іздейтіндер көбейеді. Сондықтан бұл тағамның дәмін татудан жасқанбаңыз. Болашақта пайдасы тиері анық. 

Тұз
Тағамның дәмін келтіруші қоспаны, тек тамақ әзірлегенде ғана іздейміз. Алайда, қандай да бір жағдай басыңызға түскенде балық, ет, тіпті аз ғана жасаған тамағыңыздың дәмін келтіруге тұздың тигізер пайдасы мол. Себебі, тұзсыз жеу қиынырақ болады.

Қант
Қант көп мөлшерде тұтынған жағдайда ауруға себепші болуы да мүмкін. Оны көп пайдаланған адам қант диабетіне шалдығады. Бірақ шай ішкенде немесе дәмді кекс, торттар жасағанда қанттың рөлі ерекше болмақ. Өйткені сіз тәтті тағам жасауға бел буып отырсыз.

Бал
Қанттың орынына балды пайдалансаңыз да болады. Жақсы өндірілген бал ұзақ жылдарға дейін бұзылмайды. Егер қанты көп қоспалы балыңыз ұзақ шыдамауы мүмкін. Сондықтан аларда жақсылап қарағаныңыз дұрыс.

Ет
Етті де ұзақ сақтауға болады. Арнайы аңшылық дүкендерден барып, ет сақтауға арналған қоспаны алып, қандай болмасын етке жағып арнайы сақтайтын банкілерге салып, бетін қымтап қойыңыз. Бұл да ұзақ уақытқа жетеді. 

B. ZHAQSYMBET