Ертең, 19 қазан Құтқарушылар күні. Қазақстан үшін маңызы зор мереке құрметіне орай, құтқарушы мамандар туралы сөз қозғауды жөн санаймыз.
Құтқарушылар – қысылтаяң шақтарда адам жанынан алғаш боп табылатын Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты қызметкерлер. Бұл мамандыққа бірнеше іс иелері жатады: өрт сөндіруші, жоғары өрмелегіш, сүңгуір, жүргізуші, жедел жәрдем және басқалары.
Сұрапыл апат, техногендік зілзала, лаңкестік әрекеттер кезінде бір сәтте бірнеше адам жапа шегеді. Олардың әрқайсысына шұғыл көмек қажет. Егер кісі көп қан жоғалтса не бір нәрсенің астында қалып қойса, айналдырған бірнеше минут ішінде адам тағдыры шешіледі.
Жедел түрде оқиға болған жерге жеткен құтқарушылардың қызметі жағдайды бақылап, адамдарды қауіпсіз жерге шоғырландырып, жаралылардың көңілін аулап, алғашқы көмек көрсетіп, тыныштандыру. Осының барлығын қарапайым тілмен айтқанда, зардаптарды жою деуге болады.
Бұл қызмет аса батыл, жұмысына жан-жүрегімен берілген, өте икемді, сақ, шыңдалған адам болуды талап етеді.
Олар қоңырау шалып шақырған кезде дереу жетеді, медициналық алғашқы көмек көрсетіп қана қоймай, қажет кезде көмекке мұқтажды ордан шығарып алуға, судан суырып алуға, өрт арасынан көтеріп шығуға, шатырдан секіруге дайын болады.
Кейде Төтенше жағдайлар министрлігі қызметкерлеріне жағдайдың соңын күтпей үздіксіз тер төгуге тура келеді, мысалы орман өртенген жағдайда ешкім еш жерге кете алмайды.
Құтқарушылар тек апатты жағдайларда ғана келмейді, мысалы біреу орманда адасып кетсе де, іздеу салатындар құтқарушылардың көмегіне жүгінеді.
Жұмыс барысында құтқарушылар өзгенің өмірін өлімнен арашалаймын деп өз басын қатерге тігеді. Өзгелердің өз көмегіне мұқтаж екенін көріп тұрғанда ешбір жан тартынып қала алмайды.
Кәсібилік деңгейін арттырып, сырт мүсінін қалыпты сақтауы үшін үнемі дене жаттығуларымен айналысып, ширақтық қабілетін шыңдайды.
Батылдық, тәуекелшілдік, жылдам реакция, жауапкершілік, физикалық қуат, назарын шоғырландыра білу, жағдайды жоспарлау, тәртіптілік, жолдасқа адалдық, оптимистік, өзіне сенімділік – осының барлығы бір бойынан табылатын ержүрек азаматтарымызды ертеңгі мерекемен құттықтай отырып, дендеріне саулық, істеріне сәттілік тілейміз. Жұмыстарыңыз қанша қиын болса да, әр жұмыс ауысымынан аман-сау, жапа шекпей оралатындарыңызға жақындарыңыз сеніммен қарап күткей деген тілек арнаймыз.