Баюға кедергі келтіретін әдеттер

Біздің қаржылық жағдайымыз өз әдеттерімізге тәуелді болады. 

Импульсивті сатып алу

Іш пысқан кезде шоппингке бармаңыз, әйтпесе кейін сатып алған заттардан құтылғыңыз келеді. Егер сіз импульсивті сатып алушы болсаңыз, яғни көрсеқызарлықпен кез келген нәрсені ала беретін адам болсаңыз, дүкенге барар алдында қажет заттар жоспарын жасаңыз. Егер жоспардан тыс нәрсе алғыңыз келсе, бәрін жақсы ойланып, келесі күні келе аласыз.

Қалдырмай сатып қою

Қажет емес заттар өту үшін компаниялар неше түрлі айлаға көшеді. 50% жеңілдікпен тауар сатып алу сапалы және пайдалы тауар алғаныңызға кепілдік бермейді. Егер сатушы сізді тауарын сатып алуға мәжбүрлеп, әртүрлі қулыққа барғанын сезсеңіз, бұрылып кетіп қалыңыз. Сатып алудың кемшіліктері мен зиянын ойлап, кеңес сұрап, ол нәрсе қажет болса ғана алыңыз.

Кедейшілікке бағам

Егер өзіңізге әр кез жаныңыз ашып, бүкіл әлем маған қарсы, деп ойласаңыз, ешқашан байымайсыз. Ақша жайлы соқыр наным, құр жалбарыну қаржылық мәселелерді шешпейді. Бәрін ойдан алшақтатып, бай болуға көмектесетін конструктивті жоспар құрыңыз.

Сақталған ақша жоқтығы

Өмірді болжай алмайсыз, сондықтан жинаған ақшаңыз кез-келген уақытта керек болуы мүмкін.

Байлыққа соқыр ұмтылу

Байлық – бақыттың кепілі емес. Байлыққа жетіп, өмірдің қызығына жете алмаған адамдар көп. Ақша мен байлық – жамандық емес, алайда ақшаға деген махаббатыңыз кесірінен өзгелер жапа шегетін болса, бақытсыздыққа апарады. 

Ақша және достық

Кейде қаржылық мәселелерді шешу кезінде достардың көмегі қажет. Ол адамдар не десе де, айтқанын қабылдай алу керек. Алайда бұл тәсілді жиі қолданудың қажеті жоқ. Ақша мәселесі достық қарым-қатынасты шиеленістіру мүмкін.

Қаржылық бақылаудың жоқтығы

Көптеген адам қанша ақша жұмсағанын, өзгелерге қанша қарыз екенін есептемейді. Бұл нәрсе қаржылық жағдайды білуге кедергі келтіреді. Осындай адамдарға ірі сауда жасау қиынға түседі. Ақша есепті жақсы көреді, егер оны оңды-солды шаша берсеңіз, сізді тастап кетіп қалады.

zhanaoi.kz