- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Басқаларды тыңдата білу...
Басқаларды тыңдата білу тәсілі
Егер сенің сөзіңді көп адам тыңдасын десең онда 6 нәрседен қашық бол.
1. Cөзіңнің арасына өсек араластырма
2. Әңгіме барысында ешкімді талқылама
3. Сөзіңе жағымсыз хабар (негатив) араластырма
4. Ақталма
5. Әңгімеңді әсірелеп айтпа. Әсірелеу өтірікке алып барады
6. Ешқашан жалған сөйлеме, жалған ақпарат таратпа.
Ал әңгімең өтімді болып, елдің ұйып тыңдауы үшін 4 нәрсеге асық бол.
1. Шынайы бол
2. Басқа образға кірмей, өзіңмен өзің бол
3. Шын сөйле
4. Тыңдармандарыңа махаббатың болсын.
Махаббат, ол жақсылық тілеу. Жақсы хабар тарату, жағымды ақпарат жеткізу. Ал оқырмандарыңа махаббатың болмаса, онда сен өсек айтып, жалған сөйлеп, арасында ақталып, біреуді қаралап негатив ақпарат жеткізесің. Бұл оның көңіл күйіне, психологиясына һәм өміріне зиян! Ең жаманы ол енді сені тыңдамайды!
@. @assel_assanova