- Негізгі бет
- Жүз жағдай
- Бақытты өмір байламдары...
Бақытты өмір байламдары
Массагет порталы сіздерге өмірді жеңілдететін кеңестерді жиі ұсынады. Кейде оқығанда орындау мүмкін емес, жай ғана қарапайым әдемі сөздер сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ санада саралап қарасаңыз, әрқайсысын өмірде кәдеге жаратуға болады.
Ешқашан қол қусырып отырмаңыз. Әрдайым бір іспен айналысу – әлемдегі ең арзан дәрі.
Сізден әлдеқайда жақсы, тасы өрге озған адам көп. Осыны мойындасаңыз өмір жеңілірек болмақ.
Адалдығыңды жоғалтқаннан, бостандығыңды жоғалтқан артық.
Барлығы әлемді өзгерткісі келеді, бірақ ешкім өзін өзгерткісі келмейді.
Аяғыңызға кірген әр тікенді алып тастап отырсаңыз, межелі жерге уақытында жете алмайсыз. Өмір сүруге кедергі келтіретін адамдар да тікен секілді.
Қоғамның вирусына қарсы тұратын иммунитет – кітап.
Өмір туралы түсінігіміз өтірікпен алғаш бетпе-бет келгенде басталады.
Сөйлесіп отырған адамыңыз өз ойлары қате деп ойламайды. Өзіңіздікін дәлелдеуге тырыспаңыз.
Ешкімді сынамаңыз, өсектемеңіз, шағым айтпаңыз.
Ұнамсыз адамдар жөнінде бір минут та ойламаңыз.
Өзіңізді дұшпаныңызбен ешқашан салыстырмаңыз. Оған қарағанда өзіңіз көбірек опық жейсіз.
Әрдайым бақыттымын деп ойлаңыз. Өзінен өзі бақытты боласыз.
@. @assel_assanova