Әскери тәртіп және тәрбие

«Әскер» сөзі біздің заманымызға дейінгі қаншама ғасырлар қойнауында пайда болды. Дыбысталуы жағынан кейін қалыптасқан тіл бірлігі болғанымен, лексикалық тұрғысында бұл сөздің мәні тереңде жатыр. Қазіргі елдердің тәуелсіз ел атануы, өз алдына жеке мемлекет болуы, әскерлердің шайқастары арқылы жүзеге асып, жеңіс пен жеңілістен тұратын майдандағы ерліктері арқылы келіп отыр. 

Әскери тәртіп деген не?

Әскери тәртіп – кез келген әскери орындардың ішкі және сыртқы заңнамаларына сәйкес қабылданатын бірыңғай қабылдану және орындалу міндеттемесі. Әскери тәртіптің ішкі түріне әрбір сарбаздың дұрыс киінуі, ерте жатып ерте тұруы, тамақтануы, уақытқа жұмыс жасауы және тазалық жатса, сыртқы тәртіпке қару-жарақты дұрыс пайдалану, әскери технологияларды меңгеру сынды әрекеттер жатады. 

Әскери тәртіптің адам баласына әсер ету маңыздылығы жоғары. Біріншіден жеке тұлғаның өзіне-өзі жауап бере алуы. Әрбір сөз бен іске жауап беру кез келген адамның бойында болатын қабілет емес. Ал әскери адамдардың бұл қасиетке жақын болуы ішкі тәртіптің күштілігінде. 

Екіншіден – тазалық мәселесі. Адамның өзіне ғана ұқыпты болуы аздық етеді. Әскери орындарда әрбір көйлектің жағасын жуу, үтіктеу ең алғашқы талаптардың бірі болса, осыған қоса төсек-орынды дұрыс жинау міндеттері де бар. Әскерге барып борышын өтеген әрбір азаматтың бойында жігіткен тән сабырлы мінезбен қатар, адами құндылыққа сай жақсы қасиеттер қалыптасады. 

Үшіншіден – сөзден іске көшу. Патриоттық тәрбие жолында жасақталған әрбір сарбаздың бойында қалыптасатын тағы бір қасиет – іске көшу. Сөздің бос екенін түсіну, әрекет болмай қарекет болмайтынын сезіну. 


Әскери тәрбие 

Әскери тәрбие біз айтып өткен тәртіптердің орындалуын және дұрыс жағынан қалыптасуын қадағалайды. «Тәртіпке бағынған құл болмайды», деп Бауыржан Момышұлы айтып кеткендей, патшасына бағыну, еліне бағыну, халқына бағыну – қасиет. 

Әскери орындардағы азамат санасына сіңдіретін патриоттық тәрбиенің ең басты екі талабын атап көрсеттік: тәртіп және тәрбие. Ал қалған әрекеттер әскери адамның ырқынан тыс орындалу керек міндеттер. Мәселен қару ұстау, қорғану, күзет, тактикалық әдіс, барлау сынды түрлі терминдер қатары жіпке тізсе сіз үшін түсініксіз болып кетуі мүмкін. Сондықтан тәртіп пен тәрбиені жақсы меңгергіңіз келсе, борышыңызды өтеңіз!