Ат жалын тартып туған ұл болғаннан кейін әскери антты қабылдау маңызды. Әскерге жарамсыз жағдай болған күннің өзінде бұл антты білу әрбір ел азаматы үшін міндетті. Себебі әскери ант тек әскерге барып борыш өтеу емес, елдің ішінде жүріп тыныштық үшін күресу, қолдан келсе азаматтық көмек көрсету.
Сіздерге есте жүрсін деп әскери анттың үлгісін беріп отымыз. Жаттап алыңыз, азамат!
Мен, Қазақстан Республикасының азаматы (тегі, аты, әкесінің аты), Қарулы Күштердің қатарына кіре отырып ант қабылдаймын және Қазақстан халқы мен оның заңды сайланған Президентіне ақтық демім қалғанша адал болуға, өзімнің егемен мемлекетімнің Конституциясы мен зандарын қастерлеп сақтауға салтанатты түрде ант етемін.
Өзіме жүктелген міндеттерді, әскери жарғыларды және командирлер мен бастықтардың бүйрықтарын бүлжытпай орындауға, әскери қызметтің ауыртпалықтары мен қиыншылықтарын табандылықпен көтеруге ант етемін. Әскери істі дәйекті оқып-үйренуге, әскери және халық мүлкін мүқият үстауға, әскери және мемлекеттік қүпияны қатаң сақтауға ант етемін.
Мен өз Отанымның, тәуелсіз Қазақстанның мемлекеттік мүдделерінің ержүрек әрі батыл қорғаушысы болуға ант етемін.
Егер мен өзім қабылдаған әскери антты бүзсам, онда Қазақстан Републикасының зандарында белгіленген қатаң жазаны кешуге әзірмін.