Қазақстан Республикасының шекарасын, елін, жерін қорғау әрбір азаматтың басты парызы және борышы. Қазақстанның қарулы күштері Ата заңға сәйкес жасақталған. Ол Ата заңның 36 тармағында көрсетілген. Соның ішінде елдегі азаматтарды әскерге шақыру тәртібі мен ережесі туралы ақпарат береміз.
Әскерге шақыру деген не?
Ата заңның 1-бабы, 27-тармағы негізінде құрылған әрбір азаматтың міндетіне кіретін, мемлекеттің қарулы күштер қатарын толықтыру мақсатындағы мерекелік шара болып саналады.
Әскерге шақыру қай уақытта жүзеге асады?
Заңның 31-тармағы негізінде азаматтарды әскерге шақыру уақыты жылына екі рет орындалады. Сәуір айы мен маусым айы аралығында және қазан айы мен желтоқсан айының ортасында өтеді.
Әскерге шақыру жасы
18-27 жас аралығындағы денсауылығы жарамды ел азаматтары міндетті түрде шақырту алады.
Әскерге шақырту алған әрбір азамат Ата заңға сәйкес Қазақстан Қарулы күштерінің қатарына қабылданып, елдің тыныштығын күзетуге, адал борышын атқаруға ант береді.
Сөзбен патриот болу әркімнің қолынан келеді, бірақ іс жүзінде шынайы ел жанашыры болу үшін басты бәйгеге тігу керек. Осы жағынан келген кезде еліміздегі әскери орындардың мүддесі берік, тәртібі қатал.