Арнольд Шварценеггер - таныстыруды қажет етпейтін атақты мәдениеттанушы және киноактер. Оның кино әлеміндегі жетістіктері өз алдына, осыдан үш жыл бұрын жемісті губернаторлық қызметі үшін «Әлем азаматы» атанған еді. Бұған дейін бұл атақты АҚШ-тың бұрынғы президенті Билл Клинтон т.б. өнер және өмір майталмандары алғанын естеріңізге сала кетеміз. Осындай салиқалы өмірін Арнольд «Естеліктерді жаңғырту: Менің бастан кешкен таңғажайып оқиғаларым» («Total Recall: My Unbelievably True Life Story») атты кітабында сипаттаған екен. Бүгін сол кітаптың негізінде оның әскери өмірінен сыр шертеміз. Жазбамыз ұзақтау, дегенмен, темір танкілерді көлік құрлы көрмеген «терминатор» мырзаның әскердің темірдей өміріне қалай төтеп бергендігін білгіңіз келсе, бұдан қызықты әрі қысқа мақала жоқ-ау бұл жалғанда...
Ары қарай Арнольдтің өз сөзімен баяндаймыз. Грац қаласына жақын жердегі әскери базада Австрия әскерінің танк дивизиясының штабы орналасқан еді. 18 жасымда мектеп бітіре салысымен қара шаңырақтан (үйден) алыс кету үшін әскерге кетуді мақсат тұттым.
Мені қызықтырған да сол темір танкілер еді. Мен негізінде үлкен заттарды жақсы көрдім. Сонымен қатар, танк жүргізуші-механигінің көлік жүргізу куәлігі мотоцикл, жеңіл және жүк көліктерін, тіпті, тіркемелі тракторды да жүргізуге жарайтын.
Ол уақыттарда мен ауыр атлетикадан алғашқы шыңдарды бағындырып жатқан едім. Соның бірі өз аймағымда ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасында өткен жарыста жеңімпаз атандым. Ал сол жазда Аустрия біріншілігінің ауыр салмақтағы үшсайыста (спорт ойындарының үш түрінен сайысу) небір спорт майталмандарын жерге қаратып, жеңімпаз атандым.
Содан кейін, басшылықтың рұқсатынсыз, ешкімге айтпай өз бетіммен кетіп қалдым. Штуттгартаға дейін барып, сонда 1965 жылғы Еуропаның дене бітімі ірі жас атлеті атағын қанжығаға байладым. Бір өкініштісі, оқыту лагеріне қайта оралғанымда, әскери абақтыға қамалып, қараңғы камерада бір күн бойы отырдым. Бағыма орай, басшылық менің жеткен жетістіктерімнен құлағдар болып, бірден босатты. Жас жауынгер курсын ойдағыдай аяқтағаннан кейін, мені танк бөліміне ауыстырды. Содан соң, әскери өмірім бақытты шағыма айналды. Казармаға жаттығу залын жасадым және күнде ет жедім. Нәтижесінде, әр үш ай сайын менің дене бітімім өсе түсті.
Алғашқы кезең мотоцикл айдаудан басталып, бір айдан соң жеңіл көліктерді жүргізуге көштім. Бізге механика негіздерін тәптіштеп үйретті. Одан бөлек, жүк көліктерін, тіркемелі трактордың қыр сырын-меңгердік. Осылардың бәрін еңсергеннен кейін ғана танк жүргізуге қол жеткіздім.
Мен барлық тапсырманы асқан мұқияттылықпен орындауға тырыстым. Дегенмен келеңсіз жағдайлар мен айналып шықпай қойды. Жүргізуші-механиктерге кейде далаға қонуға тура келетін. Жерде орташа қылып шұңқыр қазып, жамылғы төсеп, үстіне танкты қойып қоятынбыз. Бұл - жабайы қабаннан қорғанудың ең тиімді тәсілі еді.
Сондай күндердің бірінде, өзен жағасындағы ескі лагерьді бұздық. Сол маңда түнеуге тура келді. Әдеттегідей ескі
Тағы сондай сәтсіз күндердің бірінде: қозғалтқышты іске қосып, отырғышқа отырағанымда танктің дірілдеп тұрғанын сездім. Танктің тыңғылықты жұмыс істеуі үшін жылдамдықты арттыру керек деп ойладым. Сол үшін жылдамдықты барынша үдеттім, бірақ танк дірілі керісінше арта түсті. Және тыстағы бұрқыраған шаңды байқадым. Есікті басымды шығарып қарасам, қарсы алдымда ангар (ұшақжай) тұр екен, танкті игере алмай сол ангарға тура барып соғылдым. Осы кезде қандай да бір түтік жарылып, жан-жаққа су атқылады. Жанармайдың жағымсыз иісі де жан-жақты жайпады.
Қауынышыма орай, сондай сорақы ештеңе болған жоқ. Ангарға да айтарлықтай зақым келген жоқ, ал танк темірден жасалғандықтан, оған да ештеңе болған жоқ. Түске дейін түтіктті жалғап, қабырғаны қалпына келтірдік. Бірақ әскери базаның «Сенің танкің туралы естідік!» деген мысқылын көтеруге, асханада кезекші болып, бір апта картоп тазалауға тура келді.
Осы оқиғалардан кейін 1966 жылы әскери өмірге қолды бір сілтеп кеткім келді. Әскерден уақытынан бұрын шығу үшін рапорт тапсырдым. Бірақ бірнеше ай бойы қараусыз шаң басып жатты. Күз аяғында 12 сағаттық түнгі оқыту сабақтары басталды. Біздің рота түнгі сағат екіде дөң басына жетіп қалған еді, осы кезде аялдауға бұйрық келді.
Жарықты қосып алып, жоғары қарай құлаған әскерлерді басып кетпеу үшін жайлап көтерілдік. Жолдан жан-жаққа тарыдай шашылған әскерлерді жинастырдық. Бағымызға орай ешкім қатты зардап шекпеген екен. Жоғарыға шыққанымызда, бізді джип көлігіне мінген үш офицердің күтіп тұрғанын көзім шалып қалды. Ештеңе болмағандай, жандарынан ақырын өтіп, танкті орнына қойдым.
Танк есігін басымды шығара салысымен, үш офицер жарыса айғайлай кетті. Олар айғайлап болғанша, үнемдемей шеткері шығып тұрдым. Айғай аяғы тыйылған соң, ішіндегі бір офицер маған қарай жақындап, ішек-сілесі қатып күле жөнелді де:
— «Жүргізуші-механник Шварценеггер, мұнда танкіңізді алып келіңіз!» деп бұйырды.
— Құп болады!
Бұйырған орнына танкті қойып, есіктен басымды шығарғанымда терең тұтқыр батпақ үстінде тұрғанымды байқадым.
Ал енді, «Жүргізуші-механник Шварценеггер, мен сіздің танк астынан бауырмен жорғалап өткеніңізді қалаймын. Танк астынан шыққан соң, танк мұнарасы арқылы ішке кіріп, апаттық есіктің көмегімен тысқа шығасыз. Және осы іс-әрекетті қайталай беріңіз. Офицер осы қимылды 50 мәрте орындауды бұйырды.
Өмірімдегі ең ұзақ 4 сағат өткенде қарасам, үстіме 10 килограммға жуық батпақ жинап алыппын. Бұл күйімде қозғалудың өзі қиынға соқты. Және ары-бері өтіп жүріп, танк ішіне 50 килограммға жуық батпақ толтырып тастаппын. Базаға келген соң, оның ішін тазалау одан да қиынға соқты. Әлгі офицер мені әскери абақтыға қамауға толықтай құқылы еді. Менің өтеген мына жазамның одан он есе ауыр екенін ол да білетін.
Осы оқиғадан кейінгі бірнеше аптаны ортаға салып мені басшылыққа шақыртты. Офицер маған күле қарап: «Сіздің бұл жерде жүргеніңіз айналадағы адамдарға үлкен қауіп төндіргендіктен, біз сіздің рапортыңызды мақұлдап, уақытыңыздан бұрын босатуды жөн санадық. Бізге сіз танкілердің тас-талқан шығарып бұзғаныңыздан шаршадық»,- деді...
Оқи отырыңыз:
1. Ұрыға көмек көрсеткен полиция қызметкері
2. Брендон Гримшоу – бүгінгінің Робинзоны
3. Бұл қызық: Құс та болғым келмейді... (Видео)
4. "Мауглидің туысқандары" немесе жануарлар тәрбиелеген балалар
Сурет: s.fishki.net, nutrimuscle.com, ambal.ru, ribalych.ru, checklebanon.com.