Discovery арнасының «Тірідей желінген жан» («Еaten alive») бағдарламасының үзіндісі YouTube-та 9 061 715 көрілім жинаған. Америкалық зерттеуші Пол Розоли алып анаконданың жұтуына өзін құрбан етуге бел байлайды. Бұл азаматқа жарақат алмауы үшін арнайы киім кигізіп, оны сырттан қадағалап отыруға мүмкіндік ретінде құрылғы мен камера береді. Бірақ бауырмен жорғалаушы Розолиді жұтқысы келмеді, әйткенмен, оны шырмап орап, қысып, мыжып тастаған. Бір кезде, зерттеуші анаконданың қысымына шыдай алмаған болуы керек, тәжірибені тоқтатуды сұраған. Естеріңізге сала кетсек, бұл жобаның тұсаукесері 7 желтоқсанда өткен. Арада 4-5-ақ күн өтсе де, ғаламтор желісінде осындай көрілім жинаған бұл видеоны көрермендер көптен күткен екен.
Сурет: discoverychannel.ru