Биыл Алматыға біраз жылдар бойы жаумаған қалың қар түсті. Тіпті тоқтаусыз жапалақтап жауған қарды жұмысшылар тазалап үлгере алар емес. Бетті үсік қарымаса да, аяқ алып жүру мүмкін болмай тұр. Қапалақтап жауған қардың кереметін жастар көріп жүр. Оны төмендегі видеодан көре аласыздар. Алматы қаласы көшелерінің бірінде көлікке ілесіп, шаңғымен сырғанап келе жатқан жігіттің әрекетті жұртты таңғалдырды.