Аспаздық – өнер. Оның қыр-сырын меңгеру үшін қарапайым ғана еңбектің болуы жеткіліксіз. Оған қабілет пен талант керек. Мұрныңыз әрбір астың иісін жазбай таныса, әрбір қоспаның түрін анықтай алса, аспаз болуға талпыныңыз.
Өздерінің еңбегімен қатар талантымен танылған аспаздар туралы біле жүріңіз. Бәлкім олардың ас үйінде болып қаларсыз.
Гордон Рамзи
«Тозақ асханасы», «Шебер-аспаз», «Рамзидің асханасындағы қорқыныштар» атты асхана желісіне арналған бағдарламалар жүргізушісі және авторы Гордон Рамзи әлемдегі ең беделді аспаздардың қатарына кіреді. Г.Рамзи Ұлыбританиядағы 10 үлкен мейрамхана мен 3 бардың иесі. Одан өзге әлемде 12 мейрамхана желісі бар. Ең алғашқы жетістігі 3 жұлдызды дәрежесін алған «Gordon Ramsy at Royal Hospital Road» мейрамханасы. Ол бұл жетістікті ашылғаннан кейін 3 жыл өткен соң алды. Қалған аталған мейрамханалары бірінші дәрежелі жұлдыздар қатарында.
Ален Дюкасс
Бордодағы қарапайым қонақ үйдің асханасында көмекші болып жүрген Ален Дюкассті қазір әлем таниды. Ол өзінің еңбек жолын бастаған қарапайымдылығынан ада қалған жоқ. А.Дюкасстің Токиода, Монако, Париж, Нью-Йорк, Бейрут, Санкт-Петербург қалаларында мейрамханалары бар. Тек қана ас үйдің шебері емес, ең қымбат мейрамханалар желісінің иесі ретінде танымал А.Дюкесстің асханасын ізедушілер көп.
Бүгінде ол Францияда «Құрметті Легион» атағына ие болған аспаз.
Джейми Оливер
Британдық мейрамханалар желісінің иесі, шеф-аспаз, шоумен, «жалаң аспаз» лақап атымен белгілі Д.Оливердің де атағы жер жарып тұр. Ең алғашқы танымалдығы көгілдір экрандағы бағдарламасы арқылы келді. Тіпті дұрыс тамақтану мен деннің саулығы жайындағы кітаптың авторы атанды.
«Манчестер Сити» спорт клубын білмейтін жан жоқ шығар. Дәл осы клубтың спортшыларын тамақпен қамтамасыз ететін – Д.Оливер. Оның «Жалаң аспаз» бағдарламасы әлемнің 40 елінде көрсетіледі. Д.Оливер аспаздық өнердің ғана адамы емес, дұрыс тамақтанбаудың алдын алу сынды жобалардың авторы.
Хестон Блюменталь
«Молекулалық тағамдар»... Сізге қызық естілуі де мүмкін, бірақ осы тағам түрлерін әзірлеуден алдына жан салмай, шеф-аспаз атанған – Хестон Блюменталь. Оның ең танымал тағамдары: кептердің кеудесінен жасалған панчетта, жұмыртқа және тұздық қосылған балмұздақ, желе лавандасы және ұлулар ботқасы. Хестон – британдық аспаз әрі The Fat Duck мейрамханасының иесі. Аталған мейрамхана он жыл бұрын ең керемет мейрамхана атанған. Атағын әлі жоғалтпай келе жатқанының арқасында 3-дәрежелі жұлдызға ие болып отыр.
Жалғасы