Әлем тек бақытты, әрі пайдалы дүниелерден ғана құралмайды. Қанша жақсы жағы болса, сонша жаман тұстары да кездеседі. Қарапайым тамақтың өзі кейде сіздің өміріңізге қауіп төндіреді. Әсіресе жігіттер жағы тамақ талғамай жейді. Сондықтан бүгін біз сіздерге әлемдегі ең қауіпті 5 тағамның түрімен таныстырамыз. Шет елде қыдырып жүргенде абай болыңыздар.
1) Фугу балығы. Балықтың құрамындағы бір тамшы у, сіздің денеңізді жансыздандырып, кейіннен тыныс алу жолын тоқтатады. Негізінен фугудың ең қауіпті жері уылдырығы мен бауыры болып есептеледі. Жапон халқы удың етке тарап кетпеуін қадағалайды. Алайда, дәмі тіл үйірерлік болғандықтан, мұны жейтіндер саны да едәуір көп. Бұл астан жылына 10 адам көз жұмады екен.
2) Сан Нак Джи. Бұл ешқандай да улы тағам емес, тек тірі сегізаяқ. Бұл тағамды алдыңызға алып келген кезде, ол сізге ешқандай қиыншылық туғызбайды. Бірақ жеуге кіріскенде ол да өз өмірі үшін арпалысқа түседі. Жылына сегізаяққа үйір болған алты адам бұл өмірмен қоштасады.
3) Үлкен бақа-өгіз. Бақаның ағзасы мен терісі у ға толы болып келеді. Бірақ, жеуге келмесе де, адамдар оны тазалап, тағам ретінде дайындайды. Мұндай тағамды жеген адамның екі күннен кейін бауыры жұмыс істеуін тоқтатады, кейіннен жүрегі де жұмысын жалғастыруға дәрменсіз болады. Ештеңеден қорықпайтын намбиялықтар қорек ретінде пайдаланғанды қатты жақсы көреді екен.
4) Касу Марцу. Әлемдегі рұқсат етілмеген ірімшік. Не себепті десеңіз, контрабандалық жолмен тасмалданады. Бағасы да едәуір қымбат. Сардиналық қойшының ойлап тапқан ірімшігі, күннің астында дайындалады екен. Біраз уақыт тұрғаннан кейін, ірімшік шіркейлерінен қалған бактериялар тағам құндылығын арттырады. Егер жеп қойғаннан кейін ішіңізге тірі бактериялар түсетін болса, онда асқазаныңыздың жұмыс жасауы қиын болады.
5) Хакарал. Үлкен акуланың етінен жасалады. Мұндай акуланың еті піспеген күйінде өте улы келеді. Ғалымдар құрамын зерттей келе, адамды өлуге дейін әкелетін аммиак күші бар екенін растаған. Әдемілеп кесіп, күннің астына төрт ай кептіреді екен. Дайын акула өте дәмді болады, солтүстік адамдарының ең сүйікті асына айналған.