Кімге сөйлесеңіз де дауыс ырғағыңыз басты назарда болсын. Өтініш жасасаңыз да, ақыл айтсаңыз да, интонацияңыз орнықты болсын. Бір сөзді мың түрлі дауыспен айтуға болады.
Ақылды адамның өмірінде сәтіздікке орын жоқ. Оны тек тәжірибе жинау деп қабылдап, қателіктен сабақ алуды ғана ойлайды.
Кез келген жағдайдың жақсылығын көре білуге ұмтылады. Жақсы көретін жандарының кемшіліктерін өзінен өзі ақтап алады.
Көп жағдайда сөйлемей қалу.
Өз ойларын өзгенің кітабында ашпау.
Қулық – кез келген жағдайды пайдаланып қалу. Ақылдылық – қайда және қалай қолдану керек екенін білу.
Ақылы бар адам әңгіме кезінде ешкімнің жеке басына нұқсан келтіретін сөз айтпайды.
Парасатты жан қашанда денсаулығына алаңдап, ауырмаудың қамын ойлайды.
Данышпан адамдардың қолында маңызды істерді атқаруға қажетті барлық нәрсе болады.
Ақылды адамдар әрдайым өзгелердің ой-пікірімен санасады. Бірақ үнемі өз ойында қалады. Тек кейбір ерекше жағдайларда ғана пікір айтушының ойын өз ойымен сабақтастырып, қорытып, сәл өзгертілген жаңа ойға келеді.
Олар өзіне берілген белгілерді дер кезінде түсінеді және мүмкіндіктерді жібермейді.
Ақылды адам шынайы ой-мақсаттарын ешкімге ашпайды. Көре алмастық, күндестік себебінен не тіл-көз тиюден арман-мақаттар орындалмай қалуы мүмкін.
Данышпан жандар кез келген мәселені өзара шешеді, үшінші адамды араластырмайды.